Темір кені бағасының қатты құлдырауына байланысты Қытай билігі жергілікті өндірушілерге арналған көмекқаржыларды енгізуі мүмкін деп салалық дереккөздерге сілтеме жасап, Shanghai Securities News газеті хабарлайды.
Олардың деректеріне сүйенсек, қаражаттандыру сәуір айының ортасынан-ақ басталып кетуі мүмкін.
Бұл ретте сарапшылар Қытай үкіметінің мұндай әрекеттері нарыққа қысым жасап, темір кені бағасының одан әрі төмендеуіне себеп болуы мүмкін деп топшылайды.
"Егер көмекқаржылар енгізілетін болса, олар ішкі өндіріс көлеміне қолдау көрсетіп, темір кенінің дүниежүлік нарығына бағытталған жеткізілімдерді арттырады, соның саларынан баға одан әрі төмендейді", - деп мәлімдеді Shenhua Futures Co. аналитигі У Чжили.
Қытайдың Циндао портына жеткізілетін, темір құрамы 62% темір кені келісім-шарттарының бағамы сейсенбі күні тоннасына $49,53 болды. Бұл Metal Bulletin Ltd. и Clarkson Plc. деректері бойынша, 2 сәуір күнгі сауда қорытындысы бойынша темір кенінің бағасы 2005 жылдан бері ең төмен деңгейге - тоннасына $47,08 дейін төмендеген.
Жыл басынан бері темір кені 33%-ға арзандады.
Бұған дейін аналитиктер темір кенінің арзандауын тудыратын өзге себептерді айтқан-тын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024