Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай өзінің цифрлық валютасын жасап жатыр

Қытай өзінің цифрлық валютасын жасап жатыр

Бейжің. 27 ақпан. 7kun.kz – Қытайдың орталық банкі цифрлық технологияларын дамытып, өзінің криптовалютасының алғашқы прототипін қолданысқа енгізіп жатыр. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Егер Қытайдың Ұлттық банкі валютаны бекітсе, олар тамақ пен көлікке дейінгі тауардың барлық түрін цифрлық валютамен төлеуге болатындай етіп жасаған алғашқы орталық банк болады.

«Өзінің смартфоны мен ноутбуктерінен Alipay мен WeChat арқылы төлем жасап жүргендерге орталық банк криптовалютасының төлем жүйесі қиындық тудырмайды», - деп жазады басылым.

Агенттік орталық банктің криптовалютаны дамытып қана қоймай, bitcoin я басқа да цифрлық валюталар нарығын мұқият бақылап отырғанын айтады. Блумбергтің жазуынша, Қытай үкіметі барлық ақшаны өзі шығарғандықтан, мемлекет бақылауына алынбайтын компанияларды уысынан шығарып алғысы келіп отырған жоқ. Бұл - Қытайдың халық банкі өздерінің цифрлық валютасын шығарып, қаржы секторын толықтай бақылауда ұстап отыруға ниетті деген сөз.

Bitcoin валютасы туралы білу үшін мына сілтемеге өтіңіз. 

Похожие материалы