Audi-дің әлемдік сатылымы маусым айында 1,3 пайызға немесе 157 450 автокөлікке өсті. Еуропа мен АҚШ елдеріндегі өсімнің арқасында Қытайдағы төмен көрсеткіштің орны толды.
Өткен айда немістің Volkswagen Group-қа тиісті премиум-брендінің сатылымы 5,8 пайызға (47 831 дана) төмендеді. Audi автокөліктерінің Еуропадағы өтімділігі 3,5 пайызға (71 650 дана), АҚШ-тағысы 8,3 пайызға (18 262 дана) өсіп отыр деп хабарлайды «Ведомости«. Немістің BMW маркасы осы айда да Қытайдағы сатылымын азайтты. Өткен айда 1,3 пайызға (36 887 дана) төмендеген болатын. Ал, Mercedes-Benz көлігі керісінше, 39 пайызға (32 507 дана) өсім көрсетіп отыр. BMW брендінің әлемдік сатылымы өткен айда 5 пайызға (172 437 дана) өскен еді. Mercedes-Benz-тің маусымдағы көрсеткіші 19 пайызға (169 616 дана) жоғары. Алғашқы жарты жылдықтың ішінде Audi автокөліктерінің жаһандық сатылымдары 3,8 пайызға немесе 902 400 автокөлікке артып, рекорд орнатқан еді. Осы кезең ішінде BMW бренді 5,1 пайызға (932 041 дана), Mercedes-Benz бренді 15 пайызға (898 425 дана) ұлғайған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024