Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайда жарылыстан мыңдаған автокөлік өртеніп кетті

Қытайда жарылыстан мыңдаған автокөлік өртеніп кетті

Қытай астанасы Пекиннен 120 км қашықтықта орналасқан Тяньцзинь портты қаласында болған жойқын жарылыстан жақын маңдағы тұраққа қойылған мыңдаған автокөлік отқа оранды.

Айта кетейік, кеше кеште аталған порттағы қоймалардың бірінен химиялық қоспалар тұтанып, соңы бірінен соң бірі қайталанған екі жойқын жарылысқа ұласты. Салдарынан 42 адам қаза болып, 400-і жараланған болатын. Құрбан болғандар саны әлі де өсуі мүмкін. Химиялық қоспалардан тұтанған өрт сөндіруге келмегендіктен жақын маңдағы тұрақтарға қойылған мыңдаған автокөлік өртеніп кетті.
Суреттер Chinanews.com сайтынан алынды.

Похожие материалы