Экономика
Қытайдағы ең ірі энергетикалық корпорацияның басшысы пара алғаны үшін партия қатарынан шығарылды
Қытай мемлекеттік мұнай-химия Sinopec Group корпорациясының бұрынғы бас директоры Ван Тяньпу пара алды деп күдіктелгені үшін Коммунистикалық партия қатарынан шығарылды деп хабарлайды BBC.
Sinopec экс-басшысына қатысты іс сәуірде басталған еді. Bloomberg-тың атап өтуінше, Ван Тяньпу компаниядағы екінші адам ретінде саналады. Ол қызметтік лауазымын теріс пайдаланып, мемлекет мүлкін заңсыз иеленеді деп айыпталып отыр. Орталық дисциплинарлық комиссияның мәліметінше, Ван Тяньпу тек пара алып қана қоймай, өзінің қызметтік лауазымын туыстарының мүддесі үшін пайдаланып, мемлекеттік ақшаны банкеттерге жұмсап, бопсалаушылықпен айналысқан.
Айта кету керек, Қытайдың энергетикалық секторы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің антикоррупциялық кампаниясынан қатты зардап шекті. Соңғы 2 жылда Sinopec және China National Petroleum компаниялары ондаған топ-менеджерлерінен айырылды.