Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Юань үздік валюталар қатарынан шығып қалды

2015 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша юань үздік дүниежүзілік қаржылық есеп айырысу валюталарының бестігінен шығып қалды деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Осылайша, топ-5-те юань тек үш-ақ ай болды - қытай валютасы жетіншіден бесінші орынға 2014 жылдың қарашасында көтерілген-тін, сонда ол Канада және Австралия долларын артта қалдырған еді. Қыста дүниежүзілі есеп айырысуларда юань тек АҚШ долларына, еуроға, британдық фунтке және жапондық иенаға ғана есе жіберді.

2015 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша юань үлесі 1,81%-ға қысқарды да халықаралық есеп айырысуларда ең жиі пайдаланатын валюталардың рейтингісінде қайтадан жетінші орынға түсті.

SWIFT сарапшылары мұндай құлдыраудың себебі ретінде Қытайда жаңа жылдың ұзақ тойлануын атайды. Бұл жылы қытайлықтар жаңа жылды 19 ақпаннан бастап тойлады, нәтижесінде бірқатар жергілікті банктер мен қаржылық компаниялар бірнеше жұмыс күнін демалысқа айналдырды.

Похожие материалы