Астана. 25 сәуір. 7kun.kz - Бүгін Астана қаласында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Microsoft Қазақстан» ЖШС директоры Рональд Бинкофскимен кездеседі. Онда Қызылорда облысы әкімдігі Мicrosoft компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ынтымақтастық туралы келісім президент жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалады. Сонымен қатар, білім беру саласында инженерлік компьютерлік технологияларды пайдалануды мектеп оқушыларына, студенттерге онлайн режимде оқыту мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының орта және жоғары оқу орындарының оқушылары арасында Microsoft компаниясының өнімдерін пайдалану жөнінде кибер-олимпиадалар өткізіледі. Ғылыми әдістемелік тәжірибелер жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында «Microsoft академиясының» кеңсесін ашу жоспарланып отыр.
Екіжақты келісім Microsoft компаниясы сарапшыларының қолдауымен озық технологияларды меңгерген мамандарды дайындауға мүмкіндік бермек. Бұл аймақтағы оқу орындарының бәсекелестігін арттыруға септігін тигізеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024