Қызылордада заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау акциясы басталды
Қызылрда. 10 сәуір. 7kun.kz - Республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция басталды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Акция мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Қазіргі барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған қару-жарақтардың техникалық жай-күйі тексеріліп жатыр. Сонымен бірге, олары тапсырған азаматтарға сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды. Заңсыз сақталған қаруларды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қарудың техникалық жай-күйіне байланысты 10-нан 100 АЕК дейінгі мөлшерде сыйақы тағайындалады.
2016 жылы барлығы 344 қару қабылданса, олардың 312 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 32 иір ойықты аңшы қаруы, 235 дана қарудың оқ-дәрілері.
Еске салсақ, 2014 жылы облыс аумағында қару-жарақ өткізген 292 азаматқа барлығы 15 000 000 теңге төленген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024