1990 жылдары Британия үкіметінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Саймон Анхольт «nation branding» және «place brand» терминдерін енгізді. Оның сөзінше, елдер мен ұлттарды сауда маркалары мен брендтерге теңестіруге болады. Бұл идея алғашында наразылыққа тап болғанымен, кейінірек туристік жарнама кампаниясы үшін кеңінен пайдаланылды. 7kun.kz өздері туралы стереотиптерді бұзып, әлем назарын аударған елдердің ең табысты жарнамалық кампаниялары туралы баяндайды.
Исландия
2010 жылы сәуірдің 14-де Исландиядағы Эйяфьятлайокудль жанартауы атқылауын бастады. Көкке ұшқан күлдің көлемінің көптігі сондай 15 сәуірде Норвегиядан бастап барлық еуропалық елдер әуе кеңістіктерін жапты. Әуекомпанияларға миллиондаған шығын келді. Жанартау атқылауы тек 5 күннен кейін ғана тоқтатылды.
2010 жылдың жазында Исландия билігі Эйяфьятлайокудль тауының атқылауынан кейін зардап шеккен туризм саласын қолдау үшін үлкен жарнамалық науқан бастады. "Visit Iceland" атты ресми туризм сайтында «Inspired by Iceland» атты кампания аясында вирустық ролик түсірілді. Видеода елдің түкпір-түкпіріндегі тұрғындар исландиялық әнші Emiliana Torrini-дің «Jungle Drum» композициясына билейді. Роликте Исландияның барлық ландшафтары, көрікті орындары қамтылған. Видео шын мәнінде барша көпшіліктің көңілінен шықты.
https://youtu.be/npawmHVaf-EҚытай
2009 жылы қытайлық үкімет және DDB Guoan агенттігі «Made in China» лейбліндегі тауарларды қолдау мақсатында жаһандық жарнамалық кампания бастады. "Made in China , made with the world"/" Қытайда жасалған. Әлемде жасалған" атты ролик АҚШ-тың CNN арнасында, Азия елдері мен Еуропада көрсетілді. Видео Қытайда жасалған тауарлардың барлығы нашар, сапасыз деген стереотипті бұзуы тиіс.
Роликтегі «Made in China» этикеткасы бар тауарлардың басқа қандай әлемдік өндірушілермен серіктесе отырып жасалғандығы жазылған. Мысалы: "Қытайда америкалық спорттық технологияларды пайдалана отырып жасалған" кроссовкалар , "Қытайда еуропалық стилде жасалған" тоңазытқыш, "Қытайда Кремний алқабындағы бағдарламалар арқылы жасалған" MP3 күйтабақ , "Қытайда француздық дизайнерлермен бірге жасалған" киімдер.
Израиль
2015 жылдың күзінде Египет пен Түркиядағы террактіге және Ресей мен Түркия арасындағы жанжалға байланысты Ростуризм туристік компанияларға ол елдерге баруды тоқтата тұруға кеңес берген еді. Осы сәтті Израиль сәтті пайдалана алды. Елдің туризм министрлігі Ресейдегі жарнамалық кампанияны белсенді түрде жалғастыруға бірнеше миллион доллар бөлетіндігін мәлімдеді. Сондай-ақ әрбір ресейлік турист үшін 45 еуродан төлеуге дайын екендіктерін хабарлады. Туристерді барынша тарту үшін израильдық қонақүйлер "барлығы қосылған" режиміне енгізетін болды.
Осыған дейін Израильдің туризм министрлігі еврейлік мемлекеттік жарнамасына қатысу үшін Ресейдің кино және телевизия жұлдыздарын шақырған еді. Олар Өлі теңіздің пайдасы туралы айтып, Израильдің қандай демалыс орны екендігі туралы баяндайтын роликтерге түсті.
https://youtu.be/SQHLSFqtdukЖаңа Зеландия
Бұл ел үшін жарнаманы "Әлем сақинасының" режиссері және "9-район" фильмінің продюссері Питер Джексонның өзі таңдаған. Ол Жаңа Зеландия үкіметінің ұсынысы бойынша өткізген "Your Big Break"/ "Сенің үлкен жетістігің" атты байқаудың қорытындысын шығарды. Байқауға қатысушылар туристер алдындағы елдің тартымдылығын арттырып, оның сұлулығын жарнамалау үшін үш минуттық роликтің сценарийін жолдаған еді.
Нәтижесінде Питер Джексон "Жұмыс күні" деп аталатын роликтің иесі аргентиналық Andres Borghi-ді жеңімпаз деп тапты. Жаңа Зеландияда түсірілген роликте де ол басты ролді ойнайды.
https://youtu.be/7P7Wj-wF3kEАвстралия
Ең табысты және танымал туристік жарнамалық кампаниялардың бірі Австралиядағы Квинсленд штатының туризм департаменті ұйымдастырған - «Best Job In The World» науқаны. Кампания Аустралияның басты мақтаныштарының бірі деп танылған Үлкен Барьерлық рифке әлем назарын қайта аударды. Жарнамалық науқан 2009 жылы 3 канналық Гран-Приге ие болды.
Туризм департаменті Үлкен Барьерлік рифте "Ең жақсы жұмыс" бар деген хабарландыру таратады. Жұмыс талабы: 6 ай бассейні бар жеке үйде өмір сүріп, тасбақа асырап, суретке түсіріп және жеке блогын түсіру. Жалақы: 150 000 аустралиялық доллар төлейді.
Хабарландыру әлемдегі жұмыс іздеу бойынша барлық газеттерге жарияланып, үміткерлерді www.islandreefjob.com сайтына шақырды. Сарапшылардың бағалауынша, бірде-бір туристік жарнамалық науқан дәл осылай БАҚ беттеріне жарияланып, өте үлкен масштабтағы қызығушылыққа ие болған емес.
Дания
2009 жылдың қыркүйегінде YouTube-те қолына сәбиін ұстаған 26-жасар Карен есімді бойжеткеннің видеохабарламасы пайда болды. Ол белгісіз туристпен бір түнін өткізгенін айтып, қолындағы баланың әкесін өзімен хабарласуын өтінеді. Демалыс күндері ролик миллион рет қаралып, 83 мыңға жуық сайтта пайда болған. Көптеген ер адамдар өздерінің баланың әкесі екендігін мойындап жатты. Ал кейінірек, жүрекке тиер оқиғаның даниялық VisitDenmark туризм ведомствасы ұйымдастырған жарнамалық кампаниясы екендігі белгілі болды. Роликті Grey агенттігі түсіріп, желіге таратқан.
https://youtu.be/F8Seo5j_mNUЖарнамалық видеодан кейін Данияның туризм ведомствасы мен Grey агенттігі тым шектен шығып кеткендігі үшін айыпталып, Данияның әлемге дәл осылай танылуына қаншалықты этикаға сай екендігі туралы дебаттар ұйымдастырылды. Бірақ мамандар мұны ел жарнамасы үшін ұйымдастырылған ең нәтижелі науқан деп таныды. Grey Copenhagen агенттігінің стратегиялық директоры Питер Хелструптың сөзінше, бұл роликтің медиа шуы телевизиядан екі видео көрсеткендігі нәтижеге тең болған.
Тайланд
Тайландтың туризм бойынша басқармасы (Tourism Authority of Thailand (TAT) және Leo Burnett Thailand агенттігі 2 жыл бұрын ұлттық науқан бастады. Бұл шара Бангкоктағы тайлық оппозицияның жаппай наразылығынан кейін зардап шеккен туризм бизнесін қолдауы қажет еді. "Hug Thailand"/"Таиландты құшақта" науқаны тайландықтардың өз еліне деген сүйіспеншілігін қайта оятуы тиіс.
60 секундтық видеода ел тұрғындары ағаштар мен тауды, жан-жануарларды құшақтап, оларға деген махаббатын білдіреді. Құшақтасу, бауырмашылдық сезімі ел ішінде саяси қақтығыстардан кейін болған жараны жазып, тұрғындарың жүзіне күлкі шақыруға бағытталған.
https://youtu.be/TKq4L3BEyDYПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024