Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Заңға енгізілген өзгерістен кейін мүшеқап шығаратын компанияның акциясы өсе бастады

Заңға енгізілген өзгерістен кейін мүшеқап шығаратын компанияның акциясы өсе бастады

Оңтүстік Кореядағы мүшеқап шығарушы ең ірі компанияның акциялары екінші күн қатарынан қатты қарқынмен өсуде. Бұған себеп отбасылы адамдардың жұбының көзіне шөп салған жағдайда қылмыстық қудалаудың тоқтатылуы деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Компанияның кореялық қор биржасындағы өсімі соңғы күндері 15%-ды құраған еді. Бүгін тағы 3,2%-ға өскен.

Ал, контрацептивтер шығаратын Hyundai Pharmaceutical Co. Ltd. акцияларының құны бүгін керісінше 10%-ға түсіп кетті.

1953 жылдан бері  Оңтүстік Кореяда  некедегі адамдар жұбының көзіне шөп салғаны үшін қылмыстық қудалауға ұшырап, 2 жылға дейін сотталатын. Мәселен, 2009 жылы осындай «қылмысы» үшін 9 мыңнан астам адам сотталған.

Жақында Жоғарғы соты мемлекет азаматтардың жеке өміріне араласпауы керек деген себеппен, заңға өзгеріс енгізді. Енді отбасылы адамдар жұбының көзіне шөп салғаны үшін заңмен қудаланбайды.

Заңға өзгеріс енгізіле салысымен мүмшеқап шығаратын компанияның акцияларының құны өсе бастаған.

Похожие материалы