Мәскеу. 24 тамыз. 7kun.kz - Ресей прокуратурасы Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызы Гүлнар Кәрімованың мүлкіне тыйым салу туралы сұранысын қарастырып жатыр. Бұл туралы РФ прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Ресейдің бас прокуратурасына Өзбекстан Республикасының бас прокуратурасынан Гүлнар Кәрімованың ісіне қатысты құқықтық жәрдем көрсету туралы сұраныс түсті. Онда Кәрімованың жылжымайтын мүлкіне тыйым салу туралы өтініш айтылған. Сұраныс қарастырылып жатыр. Өзбекстан тарапының мәліметі бойынша, бұл құпия ақпарат", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Гүлнар Кәрімованың қамауға алынғанын хабарлағанбыз. Ол алты бап бойынша - алаяқтық, шетелдік валютаны жасыру, кедендік заңнаманы бұзу, сауда жасау немесе қызмет көрсету ережелерін бұзу, жалған құжат, штамп, мөр, хаттама жасау, оларды тарату немесе пайдалану, қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыру бойынша айып тағылған.
Кәрімоваға қатысты қамауға алу түрінде бұлтарпау шарасы таңдалған. Онымен қоса, ол 2015 жылдың 21 тамызында бір рет сотталып, бес жылға бостандығы шектелгені хабарланды. "Мемлекет пен азаматтарға келген зиянның жалпы көлемі 3 триллион 746, 8 миллион сом", - делінген Өзбекстан прокуратурасының мәлімдемесінде.
Дереккөз: tengrinews.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024