Астана. 24 сәуір. 7kun.kz - Инвестиция және даму министрлігі салынып жатқан үйлерге инфрақұрылым жүргізу үшін жыл сайын 80 млрд теңге бөлуді ұсынды. Бұл туралы аталған ведомства вице-министрі Роман Скляр айтты.
Оның айтуынша, бұл соманың 50 млрд теңгесі көппәтерлі үйлер құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жұмсалады. Ал 30 млрд теңгесі жеке тұрғын үйге желі жүргізуге кетеді.
«Мұндай шаралар арқылы жылына 40 мың шаршы метр пайдалануға бере аламыз. Ал жеке тұрғын үй құрылысы үшін бірыңғай сәулет стиліндегі салатын жолды қарастыру керек. Бұл бір шаршы метр құрылыс ауданының бағасын 120 мың теңгеге дейін арзандатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндіріс кәсіпорындарының өсімін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті вице-министр.
Одан бөлек, тұрғын үй инфрақұрылымын қаржыландыру Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің жеңілдетілген займдары арқылы жүзеге асады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024