Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа үйлердің инфрақұрылымы жыл сайын 80 млрд теңгені талап етеді

Жаңа үйлердің инфрақұрылымы жыл сайын 80 млрд теңгені талап етеді

Астана. 24 сәуір. 7kun.kz - Инвестиция және даму министрлігі салынып жатқан үйлерге инфрақұрылым жүргізу үшін жыл сайын 80 млрд теңге бөлуді ұсынды. Бұл туралы аталған ведомства вице-министрі Роман Скляр айтты.

Оның айтуынша, бұл соманың 50 млрд теңгесі көппәтерлі үйлер құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жұмсалады. Ал 30 млрд теңгесі жеке тұрғын үйге желі жүргізуге кетеді.

«Мұндай шаралар арқылы жылына 40 мың шаршы метр пайдалануға бере аламыз. Ал жеке тұрғын үй құрылысы үшін бірыңғай сәулет стиліндегі салатын жолды қарастыру керек. Бұл бір шаршы метр құрылыс ауданының бағасын 120 мың теңгеге дейін арзандатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндіріс кәсіпорындарының өсімін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті вице-министр.

Одан бөлек, тұрғын үй инфрақұрылымын қаржыландыру Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің жеңілдетілген займдары арқылы жүзеге асады.

Похожие материалы