Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz - Qamqor мобильді қосымшасы арқылы кәсіпкерлер прокуратураға шағым түсіре алады. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.
Бұл мобильді қосымшаны ҚР Бас прокуратурасы енгізді. Аталған қосымшаны қазіргі уақытта 10 мың кәсіпкер жүктеп алған. 600 кәсіпкер осы жүйенің көмегімен прокуратураға шағым түсірген.
Кәсіпкерлер ұялы телефонына қосымшаны тегін жүктеу арқылы Бас прокуратурамен байланыс орната алады.
Жоба авторларының айтуынша, бұл біріншіден кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды тоқтатуға, екіншіден бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуге үлкен көмек. Өтініштер онлайн режимінде прокуратураға түсіп, жұмысты жеңілдетеді.
«Біз сол приложение арқылы ақпарат береміз. Қандай тексеріс келеді, не үшін келе жатыр? Неге құқығы бар? Сол ақпараттың барлығы қосымша арқылы беріледі», - деді ҚР БП құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024