Ұлыбритания тарихындағы екінші премьер-әйел бүгіннен бастап қызметіне кіріседі. Бұған дейін болған Маргарет Тэтчер білім саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының шығындарын төмендетіп, алауыздықтарды азайтып, кәсіподақтармен күресіп, ирландиялық сепаратистермен қоймай, ішкіпартиялық оппозициямен алысып, Фолкленд аралдары үшін соғыста жеңіске жетіп ел мен әлемге «темір әйел» боп танылған еді. Бүгінгі сауал: Британия тарихындағы екінші премьер-ханым Тереза Мэйдің Тетчерге несі ұқсайды, яки қандай айырмашылықтары бар? Тереза Тетчер бола ала ма?
Ортақ қуаныш
Осыдан бір ай бұрын 59 жастағы ішкі істер министрі Тереза Мэй бұл қызметті жауапкершілігіне алады деп ешкім ойлаған жоқ. Көбі Дэвид Кэмеронның орнына Британияның Еуроодаққа мүше болып қалуын қолдаған Джордж Осборн отыруы мүмкін деп болжаған еді. Brexit болуына күмәнмен қарағандар көп болды, бірақ солай болған күннің өзінде партияны басқаруға болжамды үміткер жоқ емес те еді. Ол ЕО-дан шығу идеясының қызба қолдаушысы, Лондонның бұрынғы мэрі Борис Джонсон болатын. [caption id="attachment_47866" align="alignnone" width="620"] Фото: Justin Tallis / Getty Images[/caption] Кейін Кэмерон кететін болды, оның артынан «көшбасшылық қабілетім жеткіліксіз» деп Джонсон да ерді. Еурооптимистер мен еуроскептиктер қалыптасқан жағдай кезінде билікті кімге берерін білмей абдырап қалды. Дәл осы кезде көмекке бір сыдырғы, сыйлы және бірбеткей Тереза Мэй келді. Негізінен, сайлауалды бағдарламасы қыркүйекке дейін жалғасу керек еді, бірақ премьердің есімі уақытынан бұрын белгілі болды – Мэйдің басты қарсыласы, энергетика министрінің орынбасары һәм еуроскептиктердің соңғы үміті Андреа Ледсэм басы біраз дауға қалғаннан кейін өз кандидатурасын алып тастады. Осыдан соң қос тараптың жақтаушылары «Британия ақыры жауапты және мықты билікке қол жеткізді» деп бір қуанып қалды.Кәсіби центрист
Тераза Мэйдің мойнына артылған жүк әсте жеңіл емес: қалыптасқан жүйеден ауытқымай басқаратын саясаткердің билікке келген сәті елдің дағдарысқа ұшырап, фунт стерлинг соңғы 30 жылда ең төменгі көрсеткішке жетіп, қоғам көзқарастары екіге айқын бөлінген тұсқа дөп келді. Мэй саясатқа «ақырын жүріп, анық баса келген». Жұрт көзінде бұл әйел адамгершілік қасиеттен айрылмаған, бірсыдырғы консерватор мен қарашы халықтың мәселесін тына тыңдайтын білікті саясаткерге айналып үлгерген. Өз статусы мен әйгілі жекеменшік мектептерді бітірген консерваторлардан көп айырмашылығы барын терең түсінген ол ешқашан Кэмеронмен етене араласатын адам болмаған, тіпті болуға тырыспаған да. 2010 жылы Дэвид Кэмерон оны әйелдер ісі мен тең мүмкіндіктер министрлігіне және ІІМ министр етіп бірден екі қызметке тағайындады. Ішкі істер министрі ретінде Мэй алдыңғы жұмысшылар үкіметі енгізген азаматтарды қосымша бақылау шараларын алып тастады да, НАСА-ның компьютерлерін бұзды деп айыпталып, АҚШ-қа жөнелтілмек болған Гэри Маккинноннің ісін тоқтатты. Қызметтегілерді жемқорлықпен күресуде әлсіздік танытқанын сынап, полицияның қателіктері үшін жұрт алдында жария түрде кешірім сұрады. Ұлтаралық және дінарарлық конфликтілерде Мэй өз көзқарасын қатаң шараларымен айқын байқатып отырды. Ол исламшыл-молдаларға елге кіруге тыйым салып, британдық оңшылдардың нарызылығын басып отырды. «Жеккөрініштілікті уағыздаушыларды» айдауға салып, өзінің саясатына қарсы шыққан ІІМ қызметкерлерін жұмыстарынан шеттеткені де бар. Тереза босқындар үшін берілетін Еурокомиссия ұсынған квотаға қарсы шықты, мигрант отбасылардың кіруіне белгілі бір шектеулер енгізді. Алайда ол өзінің «жыл сайын келушілер санын 10 мыңға дейін азайтамын» деген уәдесінде тұра алмады – 2015 жылы Британиядағы миграция рекордты 330 мың көрсеткішіне жетті. Негізі, Мэй – ведомстволардағы жемқорлық мәселесіне келгенде «басына ноқта кимеген, көзіне қамшы тимеген» саясаткер, бірақ партияның кейбір шешімдеріне келгенде көпке ере дауыс беретін. Мысалы, Иракқа басып кіруге, Сирия, Ливия және Ауғанстанға Британ әскерін жіберуді қолдады. Brexit мәселесінде Дэвид Кэмеронның жақтаушысы да болды. Тереза Мэй – жаулығы бітпейтін екі лагерьдің ортасында өзін тепе-тең ұстап келе жатқан кәдуілгі центрист. 2000 жылдардың басында бір жынысты некеге қарсы шығады, ал 2013 жылы оларға бала асырап алуға толықтай қарсы болғанмен, бір жыныстылардың некелеріне «батасын береді». Тағы бір дәлел – Александ Литвиненконың ісі. ІІМ министрі Мэй істі жүргізуге қолынан келгенше кедергі жасауға тырысты. Бір қызығы, кейбір ресейлік БАҚ министрді Кремльге көзін сүзген сыншы ретінде қабылдаса, британдық баспасөз Мэйді Мәскеумен қандай жағдай болмасын конфликтіге түспеудің амалын жасайтын саясаткер ретінде танытады. Кейіннен, 2014 жылдың жазында, Ресейдің батыспен байланысы нашарлағанда ғана министр тергеу амалдарын жүргізуге келісім берді. Бұл – «ары тартса арба сынады, бері тартса өгіз өледіге» саятын үлкен саясаттың кішкене ғана көрінісі.Тэтчер және Тэтчер емес
Жаңа премьерді биографиялары да ұқсас, бұған дейін болған британиялық премьер-әйел Маргарет Тэтчермен көп салыстырады. Мэй – ағылшын дін қызметкерінің, Тэтчер - протестанттар шіркеуі қызметшісінің қызы. Екеуі де Оксфорд түлектері: Тэтчер химияны оқыса, Мэй географияны меңгеріп шыққан. Екеуі де тұрмысқа сәтті шыққан, бірақ жаңа министрдің отбасында бала болмады. Алайда премьер-министр мұндай балама салыстырудың басын: «Менің ойымша, екінші Маргарет Тэтчер болмайды. Маған мұндай рольде ойнаған ұнамайды. Қандай іспен айналыссам да бар назарымды сол жұмысқа арнаймын және қолымнан келген соны мықты етіп жасауға тырысамын», - деп ашып кетті. Сонда да олардың ұқсастықтары жетерлік. Ең алдымен мінезі: ол шыншыл, салқынқанды және консервативті ылдидан биікке ұмтыла шыққан жігерлі әйел. The Guardian-ға берген сұхбатында бір әріптесі Мэй туралы «Тереза – көп кездеспейтін сұмпайы (bugger) әйел, онымен жұмыс істеу оңай емес» деп айтқаны бар. [caption id="attachment_47865" align="alignnone" width="620"] Фото: Reuters[/caption] Алайда саясатта Мэй мен Тэтчердің айырмашылығы көп. Ол әлеуметтік бағдарламаларға үміт артады және білім саласына шығын көбеюі керек деп санайды, сонымен бірге оның көп идеясы жұмысшылар партиясының біраз пікірімен жанасады. Жаңа премьер бірде «мен Ұлыбритания жоғары таптағылар үшін ғана емес, барлығына бірдей пана болғанын қалаймын» деп айтқан болатын.Халықтың ыстық ықыласы
Түрлі сауалнамаларға сенсек, Мэй британдықтардың басым бөлігіне ұнайды. Көбі оны халыққа жақындығы мен ұсақ-түйекке ынтықтығын (бір сөзінде министр «маған киім мен туфли ұнайды, олар карьерама еш кедергі келтірмейді» деген болатын) бағалайды. Ол сусамырмен ауырғандықтан инсулин инъекциялап тұрады, оның үстіне баласы болмай қиналған жарымжан көңіліне халықтың жаны ашып отырады. [caption id="attachment_47864" align="alignnone" width="620"]Фото: Han Yan / Xinhua / Zumapress / Globallookpress.com[/caption] Кеше ғана Twitter-де халықтың жылы лебізіне ие болған премьер-министр резиденциясының «тұрғыны» Ларри есімді мысық пен оның қасында үрпиген ала мысықтың бірге тұрған суреті тарап кеткенде Тереза халықтың махаббатына тағы бір бөленіп үлгерді. Көп британдық «Ларри да оставкаға кете ме?» деп абыржи түскен. Кейіннен белгілі болғандай, ол жаңа министрді құттықтап келген лейбористердің көшбасшысы Джереми Корбиннің Эль Гато есімді мысығы екен. Ал Мэй Тереза «Ларри резинденциядан ешқайдан кетпейді, ол осы жердің бас мысығы болып қалады» деп уәде берді. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалықпен «мысықты ренжітпейтін адам елді де ренжіте алмайды» деп Британияның жаңа премьерін мақтай бөлісіп жатыр.
Аян ҚАЛМҰРАТ, "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024