Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz — Жақын аралықта теңгенің әлсіреуі байқалмайды. Бұл туралы Еуразиялық даму банкі интеграциялық зерттеулер орталығының директоры Евгений Винокуров мәлімдеді.
«Біз теңгенің әлсіреуін күтіп отырған жоқпыз. Егер мұнай бағасы қатты құлдырайтын болса ғана мұндай жағдай орын алуы мүмкін. Егер мұнай бағасы барреліне 50 доллар көлемінде сақталса, теңге құнсызданбайды. Біздің топ төмендегідей болжам жасап отыр: биыл 1 доллар 317 теңге, келер жылы 327 теңге болады. Еркін айналым режимінде +/- 5 пайызды көрсетуі қалыпты жағдай», – деді сарапшы.
5 қыркүйектегі ресми бағам - 340,30$1.
Дереккөз: abctv.kz
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024