Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz – Кеше Жамбыл облысында Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен жиын өтті. Онда қарапайым заттар экономикасы, тірек ауылдар мен ауылдық жерлердегі шағын жобаларды дамыту мәселелері қаралды.
Жиында облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Арнұр Мұхамеджанов баяндама жасап, ұсыныс-жобалар бойынша дайындалған алгоритммен таныстырды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы 5-қазандағы халыққа Жолдауында «қарапайым заттар экономикасын» қалыптастыру бойынша тапсырма беріп, халқымыздың азық-түлігін, киімі мен басқа да күнделікті тұтынатын заттарын өз елімізде өндіру керектігіне назар аудартты.
Елбасы тапсырмассының маңыздылығын ескерген Асқар Исабекұлы өңір экономикасын көтерудің бірден-бір тетігі ретінде осы бағытқа аса басымдық беріп отыр.
Жиында өңір басшысы алдымен әрбір елді мекендерге талдау жүргізіп, әлеуетін анықтап алу керектігін баса айтты. Оның ішінде ауыл тұрғындарының көп тұтынатын өнімдері мен қажет ететін қызмет түрлерін зерделеп, соған орай өндіріс орындарын, шағын цехтар, монша, шаштараз, тігін шеберханаларын ашудың тиімділігіне тоқталды. Тиісті жобаларды аудан, ауылдық оркуг әкімдіктерімен бірлесе отырып, шынайы мәлімет негізінде ғана әзірлеуді қатаң ескертті.
Асқар Мырзахметов елді мекендерде шағын кәсіпорындар ашу, кооперативтер құру арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға, тұрғындар тұтынатын өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндігіне тоқталды. Жобаларды іріктеуде қажетті шикізат көзі, мамандардың тапшылығы, несиелік жағдайлар да назардан тыс қалмайды.
Айта кетейік, алдағы уақытта бекітілген жобалар бойынша аудан әкімдерімен және тиісті тұлғалармен арнайы жиын өтіп, нақты тапсырмалар жүктелетін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024