Познавательный
Жапондық автоөндірушілер Toyota Motor және Nissan Motor 6,56 млн көлігін кері қайтарып жатыр
Жапондық автоөндірушілер Toyota Motor Corp. және Nissan Motor Co. әлем бойынша 6,56 млн көлігін кері қайтарып жатыр. Бұған Takata Corp. өндіретін қауіпсіздік жастықшасындағы ақаулар себеп деп жазады The Wall Street Journal.
Toyota 2003-2007 жылдар аралығындағы шығарылған 35 түрлі үлгідегі 5 млн автомобилін кері қайтарып жатыр. Ал Nissan 2004-2007 жылдар аралығында шығарылған 1,56 млн көлігін кері шақырды. Осыған дейін 10 түрлі автоөндірушілер 2008 жылы Takata компаниясы шығарған қауіпсіздік жастықшаларындағы ақауларға байланысты 25 млн көліктің кері қайтарылғандығын хабарлаған еді. Кем дегенде соңы өлімге ұласқан 10 жағдайға қауіпсіздік жастықшасының кемшілігі себеп болған деп есептеледі. "Қауіпсіздік жастықшасының кейбір түрлеріне уақыт өте келе су кіретіндігі анықталды. Апат болған жағдайда ол дұрыс ашылмай қалуы мүмкін", - дейді Toyota өкілдері. Енді компания жүргізуші жағында орналасқан қауіпсіздік жастықшаларының сорғыштарын Daicel құрылғыларына, жолаушы жағындағысын Takata-ның жаңаланған өнімдеріне ауыстырмақшы. "Көліктердің кері қайтарылғандығы алдын-ала шара болып есептеледі. Takata өндіретін жастықшалардағы ақауларға қатысты қандай да бір жаңа оқыс оқиғалар тіркелген жоқ", - деп мәлімдеді Жапонияның туризм, транспорт, инфрақұрылым және жер ресурстары министрлігі. Жапониядағы көлемі жөнінен үшінші автоөндіруші Honda Motor компаниясы көліктеріндегі Takata қауіпсіздік жастықшаларының жұмысын тексеріп жатыр. АҚШ пен Жапонияның автотранспорт қауіпсіздігі саласындағы реттеуіштері өздерінің жеке зерттеулерін жүргізбекші.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024