Экономика
Выбор редактора
Жекешелендірудің ең қымбат 5 обьектісі анықталды
Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқынында құны 67,8 млрд теңгені құрайтын 205 обьект сатылды. Бұл туралы LS хабарлайды.
Ең қымбат обьектілердің тізімін бастап тұрған «Транстелеком» компаниясының 49 пайыздық үлесі 9 млрд теңгеге сатылды. Мемлекеттік мүлік комитетінің мәлімдеуінше, сатып алушы - алматылық жеке тұлға.
Екінші орында - Қазақ мұнай-газ институты. Ол 7,54 млрд теңгеге сатылды. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының еншілесін алматылық заңды тұлға қармағына алды.
Қымбат нысандардың үштігін "Қазақстан темір жолының" еншілесі "Теміржол энерго" иемденді. 51% -үлеспен 5,9 млрд теңгеге сатылды.
"Қамқор локоматив" компаниясы 4,97 млрд теңгемен жекешелендірілді. "Қазақстан вагон құрылысы компаниясының" 78,47%-ы 3,47 млрд теңгеге сатылды.
Ал тым арзан деп танылып, 1 теңгеге сатылған нысандардың арасында ATC Brok (үлесі - 49%), «Әлем тағам» (9,9%), «Полимер мұнай газ» (9%) және «Паркинг сервис НТ» (51%) бар.
«Astana Invest» (үлесі - 9,9%) корпорациясы 2,1 мың теңгеге сатылып, арзан нысандар қатарына енді. Zhetysu City Focus (9,9%) –193 теңгеге, Jinsung Zhetysu (9,9%) – 212 теңгеге жекешелендірілді. «Ойыл» және «Ырғыз» сервис дайындау орталықтары 9% үлеспен әрқайсысы 4,5 мың теңгеге сатылды.
Нысандарының арасында 47% үлеспен "Сервис-прибор" компаниясы тегін жекешелендірілді.
Естеріңізге сала кетейік, жекешелендірудің екінші толқыны 2014 жылы жазда басталған еді. 2015 жылдың 21 қыркүйегінде 205 нысан сатылды. Саудада құны 168,8 млрд теңгені құрайтын 174 нысан бар.