Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жекешелендірудің екінші толқынынан 55 млрд теңге түсті

Жекешелендірудің екінші толқынынан 55 млрд теңге түсті

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2015 жылдың маусымында 55,3 млрд теңгенің обьектісі жүзеге асырылды деп хабарлайды Қазақстанның қаржы министрлігіндегі жекешелендіру және мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ибраимов.

"2014-2015 жылдарға 496 обьект жекешелендіру жоспарланған. Олардан 313 обьект саудағы шығарылды, 173 обьект сатылды. 140 обьект бірінші рет сатылымға шығарылды. Тағы 183 мүлік осы жылдың соңына дейін бағаланатын болады", - деді ол Астанадағы брифинг кезінде. KEGOC IPO-сын есептегенде жалпы сатылым көлемі 55,3 млрд теңгені құрайды. Оның сөзінше, аталған қаржының 860 млн теңгесі республикалық бюджетке, 811 млн теңгесі жергілікті бюджетке жіберілді. 2,9 млрд теңге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының есепшотына, 50,7 млрд теңге холдингтер есепшотына бөлінді. Осы арқылы жекешелендірудің 91 пайызы холдингке түскен. "Негізінен бұл обьектілер "Самұрық-Қазынанікі". Жалпы көлемі 47,3 млрд теңгені құрады", - деп атап өтті ол. К.Ибраимовтың сөзінше, 89 физикалық тұлға, 82 заңды тұлға сатып алушы болды. Сондай-ақ 2 жеке кәсіпкер және 2 резидент емес бар.

Похожие материалы