Ақтөбе облысы. 4 қараша. 7kun.kz – Ақтөбе облысында жемқорлықтан қайтарылған ақша мектеп салуға жұмсалады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақтөбе облысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша а.ж. қыркүйегінде жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар 197 миллион теңге сомасында келтірілген залалды өтеді.
Облыс әкімдігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтауға көрсетілген соманы пайдалану туралы шешім қабылданып, проблемалы деп танылған», – делінген хабарламада.
Құмжарған ауылында мектеп 2019 жылдың қаңтар айында ашылып, ескі мектепте оқыған 54 отбасынан шыққан балалардың мәселесін шешу жоспарланған. Алайда мердігер компанияның міндеттемелерін орындамауына және немқұрайлылық танытуына байланысты мектеп жұмысы іске қосылмаған.
Қазір нысанға жаңа мердігер тартылып, оны аяқтау үшін 150 миллион теңге бөлінеді.
Сонымен қатар өтелген ақшалай қаражаттың бір бөлігіне Ақтөбе қаласының аумағында елідегі ең ірі workout алаңдарының бірін салу жоспарлануда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024