Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жер сағаты

Жер сағаты

Жер сағаты (ағылш. Earth Hour) — жыл сайын Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ұйымдастыруымен өтетін халықаралық шара. Аталған шара наурыз айының соңғы сенбісінде өтеді. Өткізілу мақсаты - барлық жеке және заңды тұлғаларды, мекемелерді, коммерциялық ұйыдарды және т.б. климаттың өзгеру мәселесіне назар аудартып, табиғи ресурстарды, соның ішінде энергияны үнемдеуге шақыру. Шараға кез келген ерікті тұлға қатыса алады. Ол үшін бір сағат көлемінде үйдегі барлық электр құрылғыларын токтан ажыратып, өшіру керек.

Бұл шара ең алғаш рет Аустралияда Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мен The Sydney Morning Herald басылымының бастамасымен 2007 жылы ұйымдастырылды. Сол жылы Сиднейден 2 миллионға жуық адам мен 2 мыңнан астам компания жұмысшылары қатысып, нәтижесінде Сидней қаласы бір сағаттық энергия шығынын 10,2 пайызға қысқартқан.

2008 жылдың өзінде  Жер сағаты акциясын әлемнің 35 елі, 400-ден астам қаласы қолдайды. Зәулім ғимараттардың жарығы бір сағатқа өшіріледі. Сол жылы Эмпайр-стейт-билдинг (Нью-Йорк), Уиллис-тауэр (Чикаго), «Алтын қақпа» көпірі (Сан-Франциско), Американ-Плаза Банкі (Атланта), Сидней опера театры (Аустралия), Колизей (Рим, Италия), Спейс Нидл (Сиэтл),CN Tower (Торонто, Канада) т.б акцияға қатысады.

Шараның ресми сайтына (earthhour.org) акция өтетіннен бір апта бұрын 6,7 миллион адам кірген. Одан бөлек, көптеген белгілі уеб-сайттар да бұл шараны қолдаған. Мәселен, Google іздеу жүйесі сол күні өзінің бастапқы бетіндегі фонын ақ түстен қара түске ауыстырған. 2009 жылы шараның ауқымы кеңейіп, адамзат тарихындағы ең ірі бұқаралық шараға айналады.

Қандай пайдасы бар?

Осы акцияның арқасында 2015 жылы Мәскеу қаласы 399 мВт/сағ энергия үнемдеді. Жалпы үнемделген энергияның 15 мегаваты қаланың 800-ге тарта сәулет және өнер ғимараттын өшіргеннен үнемделген. Қалған бөлігі қала тұрғындарының қолдауымен жүзеге асты.

Вьетнам Жер сағаты аясында ең көп энергия үнемдей алғандар қатарынан табылды. Осы жылы 520 мың киловатт/сағ электр энергиясын үнемдеді. Бағалайтын болса, шамамен - 40 мың доллар.

Ал, Дубай қаласы осы жылы 305 мВт/сағ электр энергиясын сақтап қалды. Осы бастаманың нәтижесінде, БАӘ өзінің көмірқышқыл газы шығындыларын бір сағат ішінде 183 тоннаға дейін азайтты. Өткен жылмен салыстырғанда, биылғы көрсеткіш  20%-ға өскен. Және тағы бір қызығы - осымен алтыншы рет қатысып жатқан Дубай 1163 ГВт-сағ энергиясын үнемдеген. Есептек көрсек, жалпы құны 205 миллион долларға бағаланады екен. Осыдан кейін елге пайдамды қалай тигіземін десеңіз, осындай шараларға қатысуды да бір сәт ойланып көргеніңіз жөн.

Жер сағаты Қазақстанда

Биыл «Жер сағаты - 2015» акциясы «Ұлттық ағаш отырғызу күні» аясында ұйымдастырылды. Мақсаты - ормандарды қалпына келтіру, қалаларды көгалдандыру, Қазақстанның орман байлығын сақтап, көбейтудегі қоғам мүддесін дамыту, орманды қалпына келтіру жобаларына ресурстар тарту.

Айта кетейік, Қазақстан акцияға ресми түрде 2009 жылы қосылды, оған Астана мен Алматы қалалары және 400 астам компания қатысты. 2011 жылы «Жер сағаты» шарасын Қазақстанның 60 қаласы қолдады. Астанада 54 астам ғимаратта жарық сөндірілді. Еліміздің көптеген қалаларындағы орталық ғимараттарда жарықтандыру өшіріліп, түрлі іс-шаралар, конкурстар мен фестивальдар өткізілді. Алматыда жарқыраған веложорықтар ұйымдастырылды. Ал 2012 жылы қатысушылар бір сағатқа жарықты өшіріп, Жер үшін өздерінің шағын ерліктерін жасады.

Қызығушылық азайып барады...

Өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда 2015 жылы бұл бастамаға қатысуға ниет білдіргендер саны әлдеқайда көп болды. Осы жылы 172 елде 1400 ғимараттың жарығы өшірілді. Десе де, жекелеген тұлғалар тарапынан қызығушылықтың азайғаны байқалып отыр. Мәселен, Канада осы жылы бар-жоғы 15 мВт қана энергия үнемдеді. Осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткіш бұдан 77%-ға жоғары болатын.

Келесі "Жер сағаты" 2016 жылдың 19 наурызына түсіп тұр. Келер жылы акция оныншы мәрте өтетін болады. Дүниежүзілік тұмса табиғат Қоры 2016 жылдан үлкен үміт күтіп отыр. Табиғатты бірге сақтайық!

Назарларыңызға, әлемнің түкпір-түкпірінде "Жер сағаты" қалай өткенін тамашалауға шақырамыз. Алдағы суреттер интерактивті. Яғни, қаланың үстінен бассаңыз, жарығы сөнген кезде қала қандай кейіпке енгенін көре аласыз. Ендеше, алғашқы қала - Нью-Йорк. Эмпайр Стейт Билдинг ғимараты.

(Фото Reuters | Chance Chan):

Бангкоктағы король сарайы. (Фото RoengchaiK):

Босфор көпірі — Босфор бұғазында салынған тұңғыш аспалы көпір. Көпірдің ерекшелігі ол қаланың Азия мен Еуропаға қарайтын аудандарын біріктіріп тұр.

Париждегі Эйфель мұнарасының қараңғыға батқан кезін көргініңіз келсе, сурет үстінен басыңыз. Эйфель мұнарасын төтенше жағдай болмауы үшін жыл сайын 5 минутқа қана өшіреді.

Marina Bay Sands қонақ үйі мен ArtScience мұражайының ғимараты. (Фото Reuters | Natashia Lee):

Пекин. (Фото Reuters | Jason Lee):

Белорусияның Ұлттық кітапханасы. (Фото Reuters | Vasily Fedosenko):

Шанхайдағы Бунд жағалауы. (Фото Reuters | Aly Song):

Майндағы Франкфурт. (Фото Reuters | Lisi Niesner):

Ванкувердегі "Арыстанды қақпа" көпірі, Канада. (Фото Reuters | Andy Clark):

Сингапурдегі "Жер сағаты". (Фото AP Images for WWF | Earth Hour Global):

Ват Арун (Wat Arun) — Бангкоктегі ғибадатхана. (Фото RoengchaiK):

Сан-Паулу, Бразилиядағы ең көрікті мекендердің бірі - Монумент-ас-Бандейрас.  (Фото Yasuyoshi Chiba | AFP | Getty Images):

Кремльдің де жарығы өшкен сәттен көрініс.  (Фото Reuters | Mikhail Voskresensky):

Парфенон ежелгі храмы, Афины, Грекия. (Фото Aris Messinis | AFP | Getty Images):

Пекиндегі "Құс ұясы" ұлттық стадионы. (Фото Reuters | Stringer):

Гонконгте жалпы саны 3800 ғимараттың жарығы өшірілді.  (Фото Aaron Tam | AFP | Getty Images):

Кёльн, Германия.  (Фото Reuters | Wolfgang Rattay):

Вена, Аустрия.  (Фото Reuters | Heinz-Peter Bader):

Гонконг. (Фото Jessica Hromas | Getty Images):

"Джакартаға қош келдіңіз" ескерткіші, Индонезия. (Фото Romeo Gacad | AFP | Getty Images):

Отан-Ана ескерткіші, Украина. (Фото Reuters | Sergii Polezhaka):

Дайындаған Жадыра Аққайыр "7"

Похожие материалы