Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Zher Sy» компаниясының инвестициялық стратегиясын экономикалық талдау (курстық жұмыс)

«Zher Sy» компаниясының инвестициялық стратегиясын экономикалық талдау (курстық жұмыс)

Қазіргі кезде компаниялар үшін инвестициялық стратегия әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі алғы шартына айналды. Инвестициялық стратегия  кез келген компанияның қаржылық жағдайы үшін маңызды да қажетті стратегиялардың бірі болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру компанияның қаржылық жағдайын жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыруда.

Инвестициялық стратегия – бұл субьектінің жалпы стратегиялық және оның жеке стратегиялық даму концепциялары мен бағдарламаларының базасы мен негізі болып табылады. Әрбір жеке жоба және стратегия инвестициялық талдау процедурасынан өтуі керек және басқа жобалармен салыстырылуы керек.

«Стратегия» ұғымы терең және көпмағыналы. Кең мағынада стратегия – бұл субьектінің дамуының басқару философиясын сипаттайтын құбылыс. Нақтырақ стратегия – бұл субьектінің дамуының ұзақ мерзімді жоспары: мемлекеттік, аймақтық, кәсіпорын, компания және ұйымдық болады. Ол таңдаған даму концепциясына және ұзақ мерзімді болжамдарға, дамудың жоспарлары мен бағдарламаларына бөлшектелген (детальный) инвестициялық талдауға негізделеді[1].

Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап компаниялардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.

Курстық жұмыс үш бөлімнен қарастырылған. Олар: кіріспе бөлім негізгі және қорытынды бөлімдер.

Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Инвестициялық стратегия ұғымының неде деген сұрақтарға жауап жаздым.

Негізгі бөлімде «Zher Sy» компаниясының инвестициялық стратегиясын ұйымдастырудағы мәселелерді және негізгі көрсеткіштерді талқыладым. Осы бөлімде компанияның инвестциялқ  портфелін басқарудың ерекшеліктерін қарастырдым.

Курстық жұмыстың қорытынды бөлімінде инвестициялық стратегияны ұйымдастыруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ аталған мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым. Барлық ақпараттарды жүйелі түрде сараптай отырып шығардым. Соңынан қолданылған әдебиеттер тізімі көрсеттім.

  1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1.1 Инвестиция ұғымы, қызметі және операциялары

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сегмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.

"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:

Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға,  кәсіпкерлерге, саудагерлерге және  ойыншыларға бөлінеді.

Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.

Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

Инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

  1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестициялық және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады;
  2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді;
  3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
  • Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
  • Мемлекеттік зейнетақы қорына;
  • Аймақтық бюджетке;
  • Республикалық бюджетке;
  1. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.

  1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі;
  2. "Замазкалау" принципі;
  3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:

1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай талдау;

Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.

2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі;

Бұл тәсіл сенімдірек болады.   Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.

3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл;

Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.

  1. Үйренушілік шығындар принципі;

Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестициялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады, үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді.

  1. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі;

Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа    салалармен), алдын-ала  бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.

Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді[2,67б.].

Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.

Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.

6.Q – принципі.

"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш - қатынасы :

Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) / бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу)  күнделікті шығындары.

Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.

Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:

Q ═ фирманың барлық биржалық құны / оның материалдық бөліктерін  орнына келтіру шығындары.

Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы,   мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады[3,138-144б.].

1.2. Инвестициялық стратегияның мәні

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына, тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатыда  кәсіпкерлік қызмет обьектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерплерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және де басқа да түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлы экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. П. Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді «таза инвестицияландыру» немесе капиталдың қалыптасуы деп айтамыз. Тұрғындар үшін жерді, қолоданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез-келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады».

У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық, көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты». Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғару дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В. Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты обьектілеріне трансформацияланады.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді[4].

Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез-келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себеббі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін  және ол ешқандай табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторалрымен  айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлік, қарыздық міндеттемелер, опциондар мен акциялар, шағын және үлкен тәукелмен, қысқа және ұзақ мерзімге, тікелей және жанама.

Өндіріске және бағалы қағаздарға, сондай-ақ басқа салаларға құралдар салу (инвестициялау) тиімді, егер:

  • Осы салым бойынша таза табыс, осы құралдарды банктік депозитке орналастырғаннан түсетін таза табыстан асып түссе;
  • Инвестиция рентабельділігі инфляция деңгейінен жоғары болса;
  • Аталған жоба рентабельділігі уақыт (ақшаның уақытша құны) факторын есепке алғанда, басқа жобалардың рентабельділігінен жоғары болуы;
  • Кәсіпорын активтерінің рентабельділігі жобаны іске асырғаннан кейін жоғарлайды және кез-келген жағдайда қарыздық құралдар бойынша орташа есептік мөлшерлемеден асып түседі;
  • Өндірістің ассортименттік құрылымын рационалды қалыптастыру, шығындардың қайтымдылық мерзімі, шығындарды жабудың қаржылық көзі болуы, тұрақты түсімдерді қамтамасыз ету және т.б. талаптар бойынша кәсіпорынның бас стратегиялық жобасына қарастырылып отырған жобаның сәйкес келуі.

Кез келген кәсіпорынға басты критерийлерді анықтау осы кездегі көздеп отырған стратегиялық қаржылық мақсаттарға тәуелді. Инвестиция уақыт мерзімінде созылған құбылыс. Бұл қаржылық менеджерге инвестициялық жобаларды талдауда келесілерді есепке алуды талап етеді:

  • Жоба тәуекелділігі, мерзім ұзақ болған сайын жоба тәуекелділігі жоғары;
  • Ақшаның уақытша құны, уақыт өткен сайын ақша өз құнын өзгертеді;
  • Тәуекел дәрежесі қанағаттандырар жағдайда, кәсіпорын акционерлерінің табысын және мүлкін өсіру тұрғысында басқа мүмкін салымдар мен салыстырғанда жобаның тиімділігі.

Себебі нағыз осы мақсат қаржылықы менеджерлер үшін ең басты болып табылады.

Инвестициялық стратегия 3 ұғымға негізделеді: «инвестиция», «стартегия» және «даму». Соңғы ұғым «инвестициялық стратегия» пәнінде қарастырылмаған, бірақ бәрібір қолданылады. Осы кезде экономикалық субьектінің даму ұғымы және оның «өсім» ұғымымен қатынасы және де басқа да ұғымдармен байланысы (табыс, сапа, экономикалық өсім) көңіл бөлуді талап етеді.

Инвестициялар – бұл болашақта табыс табу алу мақсатында экономикалық және қаржылық ресрстардың ұзақ мерзімді салымы.

Стратегия – бұл субьектінің ұзақ мерзімді даму жоспары. Ол субьект мемлекет, аймақ, кәсіпорын және ұйым болуы мүмкін. Оның жоспары таңдап алынған дамудың бөлшектелген бағдарламалары мен жоспарларына, инвестициялық талдауға, ұзақ мерзімді болжамдар мен даму концепцияларына негізделеді.

Концепция – субьектінің біртекті даму тұжырымы: мемлекеттік, салалық, аудандық, кәсіпорын және ұйымдық. Субьектінің жалпы даму стратегисы: мысалы, елдің, ауданның корпорацияның дамуы. Және жеке  даму стратегиясы: инвестициялық стратегия, иннновациялық стратегия, персоналды дамыту стратегиясы, жоғары технологияларды дамыту стратегиясы, мұнай өнеркәсіп саласын дамыту стратегиясы. Ұзақ мерзімді даму бағдарламасы – (детализированная) бөлшектелген даму стратегиясы.

Тактика – оперативті және қысқа мерзімдік сұрақтар мен мәселелерді шешуге және субьектінің дамуының қысқа мерзімдік бағдарламалары мен жоспарлары. Концепция, жалпы стратегия және елдің даму бағдарламасы инвестициялық стратегияға негізделеді[5].

  1. «Zher Sy » КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2.1. «Zher Sy » компаниясының инвестициялық стратегиясы

«Zher Sy » компаниясының инвестициялық әрекеті оның ұзақ мерзімді даму бағытына бағынышты, сондықтан ол жасалған инвестициялық саясатқа сәйкес орындалады.

«Zher Sy » компаниясының инвестициялық әрекеттің негізгі мақсаты компанияның экономикалық потенциалының кеңеюіне бағытталған. Компанияның инвестициялық стратегиясы – жалпы компанияның қаржы стратегиясының бөлігі болып есептелінеді, ең тиімді нақтылы қаржылық инвестиция түрін тандап, оны іске қосу арқылы, кәсіпорынның экономикалық потенциалының кеңеюін және қарқынды дамуын қамтамасыз ету.

«Zher Sy » компаниясының инвестициялық стратегиясын құруда келесі негізгі кезендерді қамтиды.

  1. Компанияның стратегиясына қарай экономикалық және қаржылық дамуына сәйкес инвестициялық әрекеттің жекелеген бағыттарын қалыптастырады.

Бұл бағыттарды шешу келесі мақсаттарды орындауға бағытталған:

а)   болашақ мезгілдің жекелеген кезендеріндегі негізгі инвестиция түрінің қатынасын анықтау;

б)  салалық   бағыттағы   инвестициялық   әрекетті анықтау;

в)  аймақтың бағыттағы  инвестициялық әрекетті анықтау;

г)   компанияның жекелеген бағыттағы инвестициялық әрекетін қалыптастыру.

  1. Сыртқы инвестициялық органы және инвестициялық нарық конъюнктурасы жағдайына ескереді және зерттейді. Мұндай зерттеу процесінде тұтас инвестициялық әрекеттің зандылық жағдайы, және жекелеген инвестиция түрлері "инвестициялық климаты" зерттеледі. Ағымдағы инвестициялық нарық конъюнктурасы және оны анықтаушы факторлары талданылады; жуықтағы инвестициялық нарық конъюнктурасы, оның жекелеген сегменттері болжамдалады.
  2. Жекелеген инвестициялау объектісін іздеу және оның компанияның инвестициялық бағытына сәйкестігін бағалайды. Инвестициялық саясаттың бұл бағытын орындау процесінде инвестициялық нарықтағы ағымдағы ұсыныстар зерттелінеді, зерттеуге нақтылы инвестициялық жобалар және қаржы аспаптары таңдалынып алынады; жекелеген активтерді (техникалар, технологиялар және т.б.) алу жағдайлары мен мүмкіншіліктері қаралады; инвестициялауға тандалып алынған объектілер мұқият талдаудан өткізіледі.
  3. Инвестицияның өте жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етеді. Алдын-ала іріктеліп алынған кезенде инвестициялау объектісі оның экономикалық тиімділігі жағынан талданылады. Бұл жағдайда әрбір инвестицияланатын объектіге оның тиімділігін бағалайтын нақтылы әдіс қолданылады. Оның ішінен ең тиімділікті қамтамасыз ететін объекті таңдалынып алынады.
  4. Инвестициялық әрекетке байланысты, тәуекелдік деңгейін төмендетуге ұмтылады. Осы бағыттағы инвестициялық стратегияны орындау процесінде, алдыменен әрбір инвестицияланатын объектінің тәуекелдігі бағаланады. Бағалау нәтижесі бойынша инвестицияланатын объектілердің ішінен тәуекелдік деңгейі төмен басқалармен салыстырғанда инвестициялық тәуекелдікті минимизациялатын объектісі таңдап алады.
  5. Инвестицияның өтімділігін қамтамасыз етудің мүмкіншілігін қарастырады. Инвестициялық әрекетті орындай отырып, ескеретін жай, сыртқы инвестициялық ортаның өзгеруіне қарай, инвестициялық нарық конъюнктурасы немесе компанияның даму стратегиясы алдағы мезгілде жекелеген инвестицияланатын объектілерден күткен табысы күрт кемуі  мүмкін және т.б. инвестициялық тартымдылық көрсеткіштері кемиді. Бұл өз уақытында жекелеген инвестициялық бағдарламадан шығу жөнінде шешім  қабылдауды қажет етеді (кейбір инвестицияланатын объектілерді сату арқылы) және капиталды қайта инвестициялауды қажет етеді. Осы мақсатпен әрбір инвестицияланатын объектілердің инвестициялық өтімділік деңгейі бағалануы тиіс. Бағалау нәтижесіне қарай орындауға қажетті жобаларды таңдап алады.
  6. Қажетті инвестициялық ресурстар көлемін анықтап, олардың көздерінің құрылымын үйлестіреді. Бұл жайда компанияның инвестициялық бағытын орындау процесінде инвестициялық ресурстың жалпы қажеттілігі болжанады; бұл ресурстарды: өз меншікті қаржылық ресурстар есебінен қалыптастыру мүмкіншілігі анықталады; нарықтағы капитал жағдайына байланысты инвестициялық әрекетке тарту қажеттілігіне қажетті қарыз қаржылық қаражат мөлшері анықталады. Инвестициялық ресурстар көзін қалыптастыруды үйлестіру процесінде меншікті және қарыз алу көздерін қалыптастырудың ұтымды қатынасы жасалынады.
  7. Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырады және бағалайды. Инвестициялық ресурстар көлемін тарту мүмкіндігі және инвестицияның тартымдылығын бағалау арқылы компанияның жинақты инвестициялық портфелі қалыптастырылады. Компанияның қалыптастырылғын  инвестициялық портфелі оның жиынтық инвестициялық бағдарламасы ретінде қаралады (алдағы кезеңге).
  8. Инвестициялық бағдарламаны орындауды тездету жолдарын қамтамасыз етуге тырысады. Белгіленген инвестициялық бағдарлама тез орындалуы керек, ол мынадай себептерге байланысты: алдыменен әрбір инвестициялық бағдарламаның жоғарғы қарқынмен орындалуы компанияның экономикалық дамуын тездетеді; инвестициялық бағдарлама неғұрлым тез орындалса, соғұрлым тездеп қосымша таза ақша түсімі пайда ретінде және амортизациялық төлем ретінде тез қалыптастырылады; инвсстициялық бағдарламаның орындалуын тездету, қарыз капиталын пайдалану мерзімін қысқартады, аяғында; инвестициялық бағдарламаның орындалуын тездету инвестициялық тәуекелдік деңгейін азайтуға ықпал етеді.

Компанияның стратегиясына қарай экономикасының және қаржысын дамуына сәйкес инвестициялық әрекеттің жекелеген бағыттарын қалыптастыру

Сыртқы инвестициялық орталы және инвестициялы нарық конъюнктурасы жағдайын ескеру және зерттеу

Жекелеген инвестициялау объектісін іздеу және оның компанияның иивестициялау бағытына сәйкестігін бағалау

Инвестицияның өте жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету

Инвестициялық әрекетке байланысты, тәуекелдік деңгейін азайту

Инвестицияның өтімділігім қамтамасыз ету

Қажетті  инвестициялық ресурстар көлемін анықтау және олардың көздерінің құрылымын үйлестіру

Компанияның инвестициялық  портфелін қалыптастыру және бағалау

2.2 «Zher Sy» компаниясының инвестициялық талдауы негізінде инвестициялық стратегиясын ұйымдастыруИнвестициялық бағдарламаның орындалуын тездететін жолдарын қамтамасыз ету.

«Zher Sy » компаниясының қызмет түрі болып – құрылыс, ауылшаруашылық салаларын қамтиды. Компания 2008 жылдың 1 наурызында сауда орталығының құрылысына 350 млн теңге инвестициялады. Бұл жоба 4 жылға жоспарланып, әрбір жылда осы сауда орталығын инвестициялағаннан түсетін пайда мен шығындары есептелді. Сауда орталығын пайдаланудан түсетін жыл сайынғы жоспарланған түсім сәкесінше 70, 140, 210 және 280 млн теңгені құрайды.

Дисконттауды есепке ала отырып, өтімділік мерзімін есептеу кезінде жыл сайынғы кірістердің мәндері бастапқы деңгейге сәйкестендіріледі. Яғни

«Zher Sy» компаниясының пайыздық мөлшерлемесі 15 %.

Кесте 1  «Zher Sy» компаниясының өтімділік мерзімінің есебі

Көрсеткіш Бастапқы шарттар 01.03.2009 01.03.2010 01.03.2011 01.03.2012
Түсімдер, млн. теңге      -     70    140    210    280
15 % млн. теңге  дисконттауды есепке алғандағы түсімдер   -   62,642   136,719   166,767   207,103
Төлемдер млн. теңге     350        -       -       -        -
Өтімділік мерзімі, жылдар      -        -     2,67-        -
Дисконттауды есепке алғандағы өтімділік мерзімі сатылу мерзімі, жылдар     -     -     -     3,15-

Көріп отырғанымыздай айырмашылығы үлкен. Сонымен ақшаның уақытша құнын көрсетпейтін нысанда есепиелетін өтімділік мерзімі көрсеткішінің тиімділік шарасы ретінде негізгі кемшілігі – ол инвестицияның жұмыс істеуінің барлық кезеңі есепке алынған жоқ.

Кесте 2 «Zher Sy» компаниясы сауда орталығының жобасының пайдалығының көрсеткіштері

Жыл % қойылымы 15% Берілген табыстар, млн теңге % қойылымы 30% Берілген табыстар, млн теңге % қойылымы 45% Берілген табыстар, млн теңге
01.03.2009 0,909091 119 0,833333 171 0,769231 186
01.03.2010 0,826446 88 0,694444 62 0,591716 78
01.03.2011 0,751315 79 0,578704 59 0,455166 62
01.03.2012 0,683031 64 0,482253 58 0,350128 24
Бастапқы шығындар       - 350       - 350        - 350

Нарыққа қатысушылар туралы ақпаратты   болуы   керек,   мемлекеттің реттеу жүйесін, зандарды, қор биржалары, брокерлік фирмалардың жұмыс істеу механизмін жақсы  болуі тиіс. Одан басқа қаржы менеджері құнды қағаз  шығарушы компания - эмитент туралы толық ақпаратты білуі керек.  Сонымен қатар, қаржы менеджері республикадағы құнды қағаздар нарқының даму ағымын  байқап тұрғаны жөн.

Компанияның инвестициялық портфелін бағалау.

Қаржы   менеджментінде   тәуекелдік  кен   табыс әлбетте екі өзара  әрекеттес элементтер ретінде қаралады. Мемлекеттік   құнды   қағаздардың   тәуекелдігі   өте үлкен емес, өйткені оның табысының ауытқылығы онша көп болмайды. Керісінше, жеке меншік қағаздар, мысалы жай акциялар,ең тәуекелдік активке жатады, онан түсетін табыс әртүрлі факторлардың  әсерінен барынша ауытпалы болады.

Алынған құнды қағаздардың табысы екі элементтен құралады: құнды қағаздардың құныны өзгеруінен   алынатын   табыс   және   дивиденд   түрінде түсетін немесе пайыз (облигацияға) пайда.

Құнды қағаздың бастапқы құнына пайызбен есептелінген табыс — құнды қағаздың табыстылығы немесе табыс мөлшері деп аталады. Мысалы, компания басқа занды тұлғаның акциясын 15,0 мың.тг. сатып алады. Сол кездегі ағымдағы нарықтық баға 16,7 мың.тг, ал дивиденд 1 мың.тг. Бұл жағдайда сатып алған кәсіпорынға аталған қағаздың табыстылығы Д:

Д=  [1 + (16,7-15,0) [  =   18%жетеді.

15,0

Қаржы    менеджері    өз    жұмысында    тәуекелдік есепке алуы керек.  Бұл жайда менеджердің басшылыққа алатын негізгі идеясы қажетті табыс және тәуекелдік, бір бағытқа яғни бір-біріне үйлесімді түрде өзгереді. Осыған байланысты әлбетте бір құнды қағаздың тәуекелдігін және барлық инвестициялық портфельдің тәуекелдігін көрсетеді.

Бірінші жағдайда болжаланылған тәуекелдік каралады, сондықтан оның сандық өлшемі бірдей болмайды. Оның көлемі тәуекелдікті есептеу әдістемесіне байланысты өзгерісте болады.

Құнды қағаздардың тәуекелдігі, әлбетте кеңістікте қаралады. Бірақта ұзақ мерзімге жоспарланған жағдайда, құнды қағаздың табыстылығын болжап айту қиынға түседі, өйткені табыстың және коэффициент түрлендірмесінің өзгеру деңгей артады.

Сондықтан, бұл құнды қағазға тәуекелдік уақыт өткен сайын арта түседі. Соныменен, құнды қағаз неғұрлым ұзақ мерзімді болса, соғұрлым тәуекелдік жоғары болады. Осыған байланысты компания және оның қаржы менеджері әртүрлі құнды қағаздардың: акциялардың, жекеменшік және мемлекеттік облигациялардың табыстьшығын және тәуекелдігін ажырата білгені жөн. Сонымен бірге, барлық инвестициялық портфел тәуекелдікте болатындығында білген жөн, өйткені құнды қағаздардың бір түрінің тәуекелдігі жеке дара бөлек қаралмайды.

Инвестицияның портфелді тиімді пайдалану үшін компанияның қаржы менеджері келесі принциптерді пайдалана отырып, инвестициялық портфелді қалыптастыруы керек:

  1. Құнды қағаздарға салымның табысы қаражатты активтер типтеріне дұрыс бөлуге яғни 94% (ірі компаниялардың акциясы, мемлекеттің қысқа мерзімді қағаздарын) таңдауға байланысты.
  2. Белгілі құнды қағаздарға салым тәуекелдігі — пайданың күткен мағынадан мүмкінді ауытқуына байланысты. Пайда өткен кезең бойынша құнды қағаздар пайдасының серпіні туралы статистикалық мәлімет негізінде болжамдалады, ал тәуекелдік-күткен пайданың орташа квадратының ауытқуы ретінде қаралады.
  3. Жалпы табыс және портфель тәуекелдігі оның құрылымының өзгеру нәтижесіне байланысты өзгеруі мүмкін.
  4. Инвестициялық порфельді қалыптастыруда қолданылатын барлық бағалау, мүмкінді сипатта болады. Портфельдің өзін қалыптастыруы ксдсеі факторлар болған жағдайда ғана мүмкін: дамыған құнды қағаздар нарқының белгілі кезендегі жұмысы, ол нарық туралы статистикалық мәлімет.

Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру келесі үш кезеңге бөлінеді:

- оны қалыптастыру мақсатын анықтау;

- компанияларды қағаздарын алу керектігін тандау;

- инвестициялық портфельдің есебін жүргізуші коммерциялық банкті тандау.

Компаниялардың қаржы менеджерлері инвестициялық портфельді басқарғанда портфель теориясын қолданады. Бұл теория төрт элементтен тұрады: активтерді бағалау, инвестициялық шешім қабылдау, портфельді оптималдау, нәтижелерді бағалау. Портфель теориясындағы жасалған модель бойынша жүйеленген тәуекелдік және құнды қағаздардың табыстылығын өзара байланыстылықта жұмыс істейді. Құнды қағаздар активтерін бағалаудың үш теориясы бар: фундаменталдық, технократтық және "жорамалдап жүру". Фундаменталдық теория бойынша кез-келген құнды қағаз — бұл сол қағазбен жасалған болашақ түсімдердің дисконттаушы құны. Бұл түсімдерді қанша нақтылы болжай білу өзінше проблема. Технократтық теория нақтылы бағалы қағаздың кезендегі баға серпінін білсе жеткілікті деп тұжырымдайды. Ең көп тараған фундаменталдық теория. Соған байланысты кезкелген құнды қағаздың ағымдағы нарықтық құны Vm келесі формула бойынша есептелінеді:

Vm=CFі /1 + r

CFі -  кезендегі  (әлбетте,  жыл)  күткен ақша ағымы;

r - табыс мөлшері.

Шамаланған түсімді, табыс мөлшерін және болжам кезеңін осы формулаға қою арқылы кез келген қаржы активінің ағымдағы құнын есептеуге болады.

Қолайлы мөлшер r инвестормен белгіленеді:

біріншіден банк депозитінің (Ro) пайыздық мөлшерлемесінің шамасындай; екіншіден, салымшыға оның қаражатын (Rb) сақтағаны үшін банкпен төленетін пайызға сәйкес және аталған қаржы активіне (Rp) инвестициялауға тәуекелдік етуге үстеме есебінен:

r =Ro+Rp

Үшіншіден, мемелекеттік облигацияға (Ro) төленген пайыздан және тәуекелдікке (Rp) үстеме есебінен: r=Ro+Rp

Осы аталған базалық көрсеткіштерді бағалаудың әртүрлілігіне байланысты құнды қағаз нарқы жұмыс істеуде және дамуда. Құнды қағаздың ағымдағы құнын бағалай отырып, компанияның қаржы менеджері табыс мөлшерін түрлендіреді. Осы берілген жалпы мәліметтер негізінде қаржы менеджері әртүрлі құнды қағаздарды бағалайды. Компанияның портфельдік стратегиясы. Компанияның портфельдік стратегиясы портфельге барынша құнды қағаздардың түрлерін қосып көбейтуге негізделеді.

Портфельдік стратегия — құнды қағаздар нарқының жалпы даму бағытымен тығыз байланысты. Мемлекеттегі екінші нарықтағы қор операцияларының активтендірілуі жағдайында құнды қағаздар портфелін қалыптастыру сұрағы ерекше актуалды, өйткені инвесторлардын әртүрлі нақтылы ықыластығын қанағаттандырады.

Соныменен, инвестициялық  портфель компанияның иелігіндегі, әртүрлі мерзімде іске қосылатын және әртүрлі өтімділіктегі құнды қағаздардың жиынтығы. Кезкелген инвестициялық  портфель белгілі акциялар,   облигациялар   жиынтығы   және   тәуекелдігі кепілденген, тіркелген табысты  қағаздар. Табыс - портфельдегі жиынтық қағаздан алынатын жалпы пайда. Портфель теориясы үйлесімді  инвестиция бағдарламасын жасауды қарайды, қолында бар капиталдан  белгіленген  табысты  аз  тәуекелдікпен алу. Инвестициялық портфель салымды ортараптандыру негізінде іске асырылады және  неғұрлым   портфельге құнды қағаздар түрлерінің саны көп  жинақталса, соғұрлым оның бағасы аз өзгереді.

Портфель құнды қағаздың бір түрінен қалыптасуы мүмкін, сондай-ақ құнды қағаздың бір  түрінен   екінші түріне ауыстыру арқылы өз құрылымын өзгерте алады. Портфельдер төмендегіше жіктелінеді:

-  даму;

-  табыс;

-  капиталдың тәуекелденуі;

-  теңестірілген; -мамандандырылған;

-  тұрақты капитал және табыс; -қысқа мерзімдегі қорлар;

-  орта және ұзақ мерзімді қорлар;

-  аймақтық және салалық;

-  шетелдік құнды қағаз.

Даму портфелі нарықта курс құны тез өсетін акцияға бағытталған. Мұндай портфельдің мақсаты — инвесторларды капиталын өсіру, сондықтан портфель иесіне дивидент аз мөлшерде төленеді, немесе мүлдем төленбейді.

Табыс портфелі — жоғарғы ағымдағы табыс алуға бағытталған. Тұрақты төлем пайызы қатынасы және құнды қағаздың курстық құны орташа нарықтікінен жоғары.

Тәуекелдік капитал портфелі — әмбебаптандыру негізінде тез кеңеюге жаңа технология және жаңа өнімдерді өндіруге стратегиялық бағытты тандаған көбінесе жас компаниялардың немесе "агрессивті типті" кәсіпорындардан құнды қағаздарынан құралады.

Теңгерімділік портфелі - әртүрлі мезгілдегі іске асырылатын. әртүрлі құнды қағаздардан калыптастырылды. Оның мақсаты әртүрлі құнды қағаздар қаражатының тұрақты түсуін қамтамасыз ету.

Мамандандырылған портфель — компанияны белгілі бір арнайы құнды қағазға және қаржы инструменттеріне бағьпталуын сипаттайды.

Тұрақты капитал және табыс портфелі өз құнды қағаздарын шығару есебінен теңгерімдімді капиталдың өсуіне бағытталған және басқа кәсіпорындар мен компаниялардың құнды қағаздарының салымы есебінен табысты кебейтуі.

Аймақтық және салалық портфель — жекелеген аймақтың шығарған құнды қағаздарын немесе сол саланың экономикасына қатысушы компанияның жоғарғы табысты қамтамасыз ететін құнды қағаздарын көрсетеді.

Шетелдік құнды қағаздар портфелі — жеке меншікті шет ел компаниясының құнды қағаздарға салуын және солардан инвестициялық протфельді қалыптастыруын қарайды. Айта кететін жай, компаниялар өз практикасында үш портфельді қолданады, өйткені олардың жалпы инвестициялық стратегиядағы тәуекелдігі шамалы.

Тәуекелдік  және   табысқа  қарай  портфель  келесі түрлерге бөлінеді: агрессивті; нарықтық; консервативті.

Қазіргі кезде портфель жорығы қор нарығында көп таратылуда-көптеген кәсіпорындар бұл әдісті жекеменшік инвесторларды жұмысқа тарту үшін қолданады. Дұрыс шешім қабылдау үшін бұл жерде ақпарат басты рөлді атқарады. Талдауда аса көңіл бөлетін фактордың бірі баға өзгерісі. Осы өзгерістерді талдай отырып, қаржы менеджері қай қағазға инвестиция салу керектігіне шешім қабылдайды.

Халықаралық практикада арнайы рейтингтік агенттік нарық айналымындағы бағалы қағаздардың инвестициялык, сапасын талдайды. Біздің елде мұндай практика әлі іске асырылмаған.

Құнды қағаздар портфелін қалыптастыру келесі кезең арқылы жүргізіледі:

-  оптималды портфель типін тандау;

-  қолайлы   портфель  тәуекелдігі  және  табыстың үйлестірілуін бағалау;

-  алғашқы портфель құрамын анықтау;

-  алдағы   уақытта    портфельді    басқару   тәсімін тандау.

Ойластырған инвестиция объектісінің қаржысын талдау барлық кезеңдегі инвестициялық процестің бір бөлігі болып есептелінеді. Инвестор каржы жағдайы оған белгісіз жеке және занды тұлғалармен қатынас жасамайды. Дамыған мемлекеттерде қаржы есебін - жариялау (баспада) жалпы қабылданған дұрыс іскерлік байланыс; түрлі анықтамалар арқылы фирмалардың қаржы жағдайы туралы мәліметтерді алуға болады[8].

  1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Инвестициялық стратегияны құруда кездесетін проблемалар

Бұл тақырыпты қарастыра отырып, келесідей проблемаларды атап өтейін:

  1. Жалпы стратегиялық проблемалар.

Қазақстандық нарық әліде теріс ерекшеліктермен сипатталады, бұл инвестициялаулық стратегияны ұйымдастырудағы қағидаларын қолдануға кедергі жасап, бұл сұрақтар жөнінде нарық субъектілердің қызығушылығын белгілі бір дәрежеде тоқтатады.

Ең алдымен, көптеген қаржы құралдары бойынша статистикалық қатарларды жүргізу үшін мүмкіндіктің болмауын, яғни тарихи статистикалық базаның жоқтығын айтып өткеніміз жөн. Бұл біздің еліміздің жағдайында классикалық шетел әдістемелерді және жалпы қолдану мүмкіндіктерін шектейді.

Инвестициялық стратегияны ұйымдастыруда кездесетін мәселелердің бірі: Осыдан бірер жыл бұрын «Қазақстан тарихында болмаған ірі ұтылыс» деген мақала Караван газетінде жарық көрді.

«На этой неделе руководитель одиой из нацкампаний оставил в Алматинском казиио 430 тысяч долларов» деп жазыпты газет. Инвесторлар сияқты миллиардтаған қаржы салатын шетелде тұратын немесе Қазақстанда тұратын отандастарымыздың ішінде Қазақстан экономикасының өркендеуіне ықпал ете алатындай бай адамдар бар ма ? Жоқ қой. Бұл шыңдық. Біздің жас түркілердің де қалай байығанын білеміз. Әкелерінен қалған байлығы жоқ екенін, бесіктегі ана сүтін еметін баладан бастап, пайғамбар жасынан асқан кәріге дейін біледі. Мысалы, өнеркәсібі дамымай мешеулеп қалған, экалогиясы құрып біткен Қызылорда облысына Канададан келген «Харрикейн-Құмкөл» (қазіргі аты Рetro Kаzакshan) кампаниясы облыстық бюджетке ақша құймаса не болар еді? Мәселен, «Испат-Кармет» пен Харрикейнді жас түрік пен бұрынғы бір партократ алсын-ақ дейік. Екі облыста да бұрынғы байланыстың үзілуі кесірінен кәсіпорындар тоқтап жатты, он мыңдаған адамдар жұмыссыз ақшасыз қалды. Облыстардың қарыздары шаш-етектен, ол тіпті, жылдан-жылға өсе түсті. Соның кесірінен бюджетке салық түспей қойды. Қарағанды облысында 1 млн 400 мыңдай, Қызылорда облысында 603,8 мыңдай халық бар. Президенттің алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Қалайда жаңа жүйеге көшіп, осы тығырықтан өте қысқа мерзімде шығып кетуді көздеді. Ол ушін екі облысқа тек қана инвестиция —  шетелдің капиталы ауадай қажет еді. Бұл кезінде өте дұрыс қабылданған шешім екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр емес пе?

Әлгі екі облыстағы компанияны қазіргі жағдайға жеткізу үшін , енді оған миллиардтаған ақша, жаңа көзқарас, жаңа менеджмент, озық техналогиялар керек емес пе? Оған миллиардтаған қаржыны қайдан алады ? Біреуі өзміздің коммерциялық банктен алса, екіншісі облыстағы банктен алуы керек. Өздерінде сонша ақшаның жоқ екені рас қой. Өзіміздегі банктен ақша алғанан гөрі мемлекетке шетелден өзімен бірге ақша алып келген капиталистер тиімді емес пе? Алғашқы жылдары біздің банктерде ондай қаржы жоқтың қасы еді. Қазақстанға ірі қаржының екі-ақ рет түскенің білемін:

  1. Елбасы қаржыға амнистия жариялағаннан кейіп, 100 қалталы қазақтың шетелге тыққан 500 миллион долларын зорға дегенде қайтардық.
  2. Гиппер инфляция кезінде қазіргіАлматы. қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетов мырза «Қара-Шығанақ» кең орнына түскен 600 миллион долларды Елбасының атынан бюджетке аударғанын бүкіл халық алдында айтты.

Сондықтан мемлекеттік мүддені бірінші орынға. қойып, барды бар, жоқты жоқ дегенміз жөн шығар.

Инвестициялық стратегияны құруда әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде ннвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде "әлеуметтік және экономикалық кұрылымдарды қатер қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-әуқатына тікелей әсері мол.

Әлеуметтік жобалар тез кайтарымды және де табысты жобаларға жатпайды. Сондықтан да бұл саладағы жобаларды кепілдік беру арқылы, бюджеттен қаржы беру арқылы жүзеге асыру кажет.

Әлеуметтік жобаларды қаржылаңдырудың бір түрі - ол мемлекеттік несиелендіру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес органдары тек қана аймақгық парлар бойынша тікелей карызы бар. Осы жоспарларға жергілікті атқарушы оргаңдардың карыз алу негізінде каржжыландыруды көздейтін жобалар қамтылады. Бұл қарыздарға жергілікті бюджет кепілдік береді.

Сонымен қатар шетел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағыда бір тиімді әрі озық әдістеріне муниципалдық құнды қағаздар шығару жатады. Инвесторлар үшін көптегсн корпоративтік құнды кағаздардың тиімділігін есксре отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Казақстан кұнды кағаздар нарығын|да инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн. Ұзақ мерзімді қаржылардың өтімділігін арттыруды қамтамасыз ету үшін, оның қорына қаражат және басқа да бағалы қағаздар рыногында айналымда жүрген банкілік акцепттерді, коммерциялық кағаздарды, тауарлық-несиелік корпорациялардың брокерлік карыздары мен куәліктерін, орналастырады.

Коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметтен табатын кірістері, экономикалық факторлар мен ұйымдастырушылық жағдайларға байланысты болады, яғии мемлекеттің тұрақты дамыған экономикасы, өндіріс және кызмет саласындағы әртүрлі меншік түрлері, бағалы кағаздар және оның нарықтық субьектілерін дамыған рыногының болуы, бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға келтіріп реттейтін зандылық актілер мен ережелердің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі және бағалы кағаздардың жоғары сапалы топқа жататын түрлерін айналымға келтіру сияқты маңызды қызмет саласында шешуші роль атқарады.

Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялык банктердің көмегінсіз үзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі төжірибесінде мүндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыепа-сада, компаниялар қүрылып қызмет ете алмайды.

Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың көрсетілген бағыттарынан басқа да істеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру  де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына заңдық нысандар кұру жатады.

Сонымен, инвестициялық процесті пайда табу  арқылы  әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процесс үрдісінде қарастыру керек. Инвестциялық іс-әрекетті,  оның тиімділігнше экономикалық факторға кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды ескермей жасау мүмкін емес.

3.2 Отандық компаниялар инвестициялық стратегияны ұйымдастыруда кездесетін кемшіліктерді жою ұсыныстары

Компанияның қаржылық жағдайының дамуында жақсы қалыптасқан ол инвестициялық стратегия. Компанияның қаржылық жағдайында бағаны ырықтандыру және қайта құру стратегиясының арқасында пайда болған 136 аса ірі және орташа тауар өндірушілердің біріктіретін индустриялық базаның маңызы зор.

Мәселен, жаңашылдықты пайдалану мақсатында көптеген ірі жоба іске қосылған. Оның ішінде: "Алкан Пэкеджинг" жауапкершілігі шектеулі серіктес (ЖШС), "Райымбек Агро" ЖШС, "САФ" әйнек компаниясы, "Вимпек" спирт зауыты, "Ерка" ЖШС, СП аккумулятор зауыты, "Эфекс Карағанда" Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ), Ақ жол" ЖШС, "Шамалған спирт" ЖШС, "Зеленый дом" ЖШС. "Алтын нан' ЖШС, "Кнауф Гипс Капшағай" ЖШС, ″Қазақстан қағазы" ЖАҚ бәсекеге төтеп беретін ыңғайда толық қуатында жұмыс істеуде. Айталық, қазіргі кезде қайта өндеу компаниялары шығарған өнімнің көлемі ғасыр басындағы мөлшерден еселеп артып отыр.

Сондай-ақ жеміс-жидек өндейтін 20 цех пен зауыт, 5 кант зауыты, 29 сүт өндірісі, 25 шарап зауыты, 12 құс фабрикасы, жугеріні калибрлейтін 5 өндіріс орны, тағы баска да кәсіпорындар оны өндіру бағытында толық қайтарымен жұмыс істеуде. Сол сияқты Казақстан Рсспубликасының Индустриялық-иновациялық даму стратегиясы бойынша облыстың кластерлік өнімдер өндіру жөніндегі ізденістері де қуантарлық. Бұл тұрғыда көкөніс, жеміс-жидек, шарап, темекі, сут және құс етін қайта өндеу мақсатындағы жұмыстар нақгы нәтиже беруде.

Ұлан-байтақ аймаққа орналасқан облыс байлығын тізіп айта берсек, ұзақ-сонар әңгімеге арқау болары анық. Өйткені, өсу көкжиегі сәт сайын кеңейген көптеген басқа да салалар аз емес. Соның бірі балық кәсіпшілігі, балық зауыты, кұрылыс материалдарын өндіру, шағын өзендерде энергетикалық нысандар салу аралығы олардың куатты энергетикалық кешеңдерге баламалық қабілетін күшейту, ірі караның және үй кұстарының еті мен ішек-қарын, тағы басқа мүшелерін қайта өндеу және бұқтыру, сүт, қант, сусын, ұн, кондитерлік бұйымдарды қайта өңдеу кәсіпорындарын барынша көбейту де күн тәртібінен, уақыт ауанынан түспейтін мәселе.

Ауыл шаруашылығы дегенде, тіл ұшына алдымен ірі қара, жылқы және кұс, жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп пен көкөніс өсіру және сүт пен жұмыртқа, жүн өндіру кәсіптері оралады. Өйткені, аграрлық кешенде көпсалалы, тұрақты 4 жылда орта есеппен жыл сайын 455,3 мың тонна көкөніс өсірілгені осының дәлелі. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 20 тонна табиғи шырын шығаратын ″Ақжол" ЖШС іске қосылды. Ал "Фуд Мастер Компания" ЖШС "Пике" сауда маркісімен табиғи жеміс-жидек және көкөніс шырындары шығарылуда. Сол сияқты Текелі қаласындағы "Зеленый дом" ЖШС ұзақ мерзім сақтауға шыдас беретін сапалы өнімдері де мол сұранысқа ие.

Алматы облыссының жеміс-жидек өсірудегі тәжірибесі мол. Жеміс ағаштарының, жалпы көлемі 17,2 мың гектарды, оның ішінде күзімдік алқалардың өзі 4,5 мың гектарды алып жатыр. Соңғы жылдары алманың ежелг ″Апорт'" сортын қалпына келтіру қолға алынды.  Сондықтан, Алматы облысының өз атынаа лайық дүниежүзіне даңқы жайылатын кезі де алыс емес екендігіне сенім мол. Бұл бағытта, Қарасай, Жамбыл, Іле, Еңбекшіказақ, Талғар аудандарындағы бағбандар еңбегі үлгі, етуге тұрарлық[10,12б.].

Жүзім шаруашылығын дамытуда да жақсы істер бар. 4,5 мың гектарға жуық алқапты осы жеміс ағашынан жасалатын сапалы жүзім шарабы ауыл шаруашылығының тиімді буындарының қатарына жатады.

Облыстағы қаржылық саланы дамытудың тағы бір көзі — туризм. Табиғат таңғажайып облыстарымыздың тау-тасы, өзен-көлі, таза ауасы кімді болса да тамсандырмай қоймайды. Өйткені шөл дала мен мәңгі қарлы  шындары бар 5 климатық аймақтың өзіндік ерекшеліктерін айтып жеткізу мүмкін емес. Ежелден бері Талгиз, Алмалық, Құйған, Қойлық, тағы басқа атақты елді мекендері болған байсын өлкеде қазір Алматы, Алакөл  мемлекеттік қорықтары мен Іле Алатауы, "Алтынемел" табиғи парктері бар. Шынында да бір кездері көршілес Қытайдан шыққан Жібек жолымен Жетісу арқылы Түркия және Еуропа елдерін шарлауға мүмкіндік беретін киелі жерімізде тарихи орындар қаншама десеңізші.

Облыс Қытай мен Орталық Азия республикаларының, Ресей мен Қырғыстанның  және Тәжікстанның арасындағы қолайлы көлік дәлізі ретінде де үлкен маңызға ие. Достық темір жол бекеті және Қорғас автокөлік жолдары арқылы Қытайға және одан   әрі   әлемнің   басқа   да   елдеріне қазақстандық тауарлар экспортка еш кедергісіз шығарылады. Көліктік логистикалық қызмет көрсетулер кластерін дамытудың аясында Алматы қаласының "Достық'' бекетінін; жол желілерінде ірі көліктік-логистикалық орталықтар кұру көзделіп отыр.

Инвестиция  салымдар құрылысқа жұмсалған қаржының үлес салмағы басым 61,2 пайыз. Жаңарту және техникалық қайта жарақтау жалпы инвестиция көлемінің 28 пайызын құрайды.

Қазақстанның интеллектуалдық және рухани потенциалдығын негізі болып саналатын білім жүйесі туралы қазіргі заманның талабына сай жалпы ұлттық жоспар қабылдап, әртүрлі тәжірибелерді тоқтатып, оларды реттейтін уақыт жеткен сияқты. Толыққанды білім жүйесіне мүмкіншілік беретін экономикалық - ұйымдастыру тетіктерін жетілліру - мемлекет алдында тұрған үлкен міндет. Бұл мәселеде бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп қана коймай, бюджеттен тыс қаржылаидыру мүмкіншіліктерін жетілдіру қажет. Осы орайда инвестицияның орны ерекше. Еліміздегі үлкен-үлкен коммерциялық компанияларды бұл  мәссле  бойынша   жоспарлары  болып олардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бақыланып отырылуы керек. Мұндай оңтайлы процесті одан әрі дамыту үшін Қазақстан экономикасындағы шынайы жағдайды сараптап, инвестициялық  процестін даму стратегиясын жасау кажет. Ең бастысы, бұл стратегия алдымен салаға инвестиция жүмсаумен жене шаруашылық инвестициясынан түсетін кайтарым мен ерекшеленуі керек. Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негзігі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицяны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық" кұрылымдарды  қатар  қалыптастырып,   ескеріп   отырғанда   ғана дағдарыстан ептеп құтылуға болады.

Әрине,   экономикалық   және   әлеуметтік  тиімділіктерді,  дегенімен де олардың нақты қырларын айқындап, нәтижелерін қадағалап отыру қажет. Сонда ғана инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық саланың құрамдас бөлігі ретінде өз міндеттерін  атқарып отырады[18].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда ел экономикасы үшін инвестициялық ресурстардың маңыздылығы туралы барлық ақпарат құралдарынан, газет-журналдардан, теледидар арқылы да көптеп айтып жатыр. Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез-келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін  және ол ешқандай табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторалрымен  айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлік, қарыздық міндеттемелер, опциондар мен акциялар, шағын және үлкен тәуекелмен, қысқа және ұзақ мерзімге, тікелей және жанама.

Бүгінгі Қазақстан үшін, өндірісті толық қайта құру немесе жаңарту бағытындағы іс-шаралрды жүзеге асыру үшін бірден-бір қаржы көзі, ол инвестициялар екені белгілі. Сондықтан да болар, Елбасы өзінің жолдауларында, интервьюлерінде бұл мәселе жайлы қайталап айтуда. Елімізде шетел инвесторлары кеңесі құрылған. Осы бағыт бойынша оларға көптеген салықтық және басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Ендігі жерде отандық инвестороларда осындай кеңес құруды көздеп отыр. Инвестициялық ресурстардың еліміз үшін тоқырау жылдарынан шығуда қалай әсер еткені белгілі. Сондықтан, ел Үкіметі ұстанып отырған саясат өзінің нәтижелігін бүгінгі күні көрсетіп отыр.

Инвестиция компаниялардың серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі мақсатты орындауға жағдай жасайды, олар: қаржы және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен меншік кәсіпкерлік әрекетті кеңейтеді; жаңа компанияны сатып алады; бизнестің жаңа түрлерін игеруге байланысты әрекеттерін әртараптандырады. Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде іске асырады, өйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлері бар. Нақтылы инвестиция ол тауар өндірісін және қызмет көрсетуге байланысты нақтылы активке ақша каражатын салу. Бұл салым компанияның негізгі корларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция негізінен жаңадан негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта техникалық жағынан қарулануына немесе жұмыс істеп тұрған компанияны қайтадан құру үшін қолданылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экономикасында көптеген мемлекеттік компанияларда өз жұмыстарын атқаруда. Жоғарыда аталған кәсіпорындардаң барлық түрлері жаңа экономикалық жағдайда толық дербестікте жұмыс істеуде. Нарықтық жағдайда компаниялардың әрекеттері толық өзгеріп, олардың қарым-қатынасы нарықтық экономикаға бейімделген.

Қазіргі кезде кооперативтік, акционерлік және аралас компаниялардың, мемлекеттік компаниялардың бос ақша қаражаттарын нарықта бағаламасы бар әртүрлі бағалы қағаздар түріне жұмсауға мүмкіншіліктері бар. Сондықтан компания басшыларының, әсіресе қаржы менеджерлерінің мақсаты, құңды қағаздарға қаржы жұмсауды ұтымды басқаруда, немесе компанияның инвестициялық портфелін дұрыс басқаруда. Қаржы менеджерінің білетін нарықта қандай құнды қағаз бағалы екендігін,   инвестициялық   қоржынның   пайдалылығын бағалауында.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
  • Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент” Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.
  • Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер г.
  • Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар
  • Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.
  • Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
  • Косжанов.Т.Н. “Промышленная и  инвестиционная политика в  долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,
  • Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 03.2006 г.
  • Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
  • Ковалев В.В. Финансовый анализ Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
  • Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар
  • Маулимбердина С.Т. “Рынок    ценных    бумаг” //Саясат, 10-11,2006 г.
  • Нурланова. Н.К. “Инвестиционная ситуация    в Казахстане    и   перспективы    ех   позитивных    сдвигов” //Европейское сообщество.    М 3. 2004 г,
  • Реформировамие экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2004, С. 343.
  • РЦБК 2004-2006 жылдар
  • Стоянова Е.М. “Финансовый менеджмент: теория и практика.
  • Хес О. //Совмещение акцептов с количества иа качество иностранных инвестиции// Панорама. -24.08.2005 г.
  • Инвестициялық жобалау. И.Ш. Әлжанова. Алматы.

«Қазақ университеті», 2006 жыл. 11-бет.

  • Инвестиционная стратегия. Ю.А.Корчагин Ростов-На-Дону, «Феникс», 2006г.стр.-8.

20) Инвестиций и инноваций. У. Баймуратов. БИС, Алматы, 2005г. Стр.-132,236

21) Исследование инвестиционных стратегий фирм на рынках капитало- и наукоемкой продукций. Л.Е. Варшавский. Москва 2003г. Стр-112

22) Инвестиций на развивающихся рынках. М.А. Лимитовский. Москва, «ДеКа»,2003г.  Стр.-18.

Қосымша А

Мәселелер Шешу жолдары Нәтиже
1 Қазақстаның экономикасын көтеру. Қазақстанның экономикасын көтеруде шет мемлекеттердің қосқан үлесін айтуға болады. Шет мемлекеттер инвестицияларының құйылуы, олардың банктерінің берген қарыздарын айтамыз. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы. Шет мемлекеттер инвестицияларының тиімді пайдалануы және Қазақстан аумағында салаларды дамыту жолдарын айтуға болады.
2 Қазақстан Республикасының компаниялары мен салаларын дамыту. Қазақстан Республикасының қаржы саясатының дұрыс және тиімді басқарылуы. Салық жеңілдіктері және төмен ставкасын орнықтыру. Осы арқылы салалардың күрт дамуын көруге болады. Қазақстан аумағында инвестицияларды тарту мақсатында жаңа комапанияларының ашылуы, жұмыссыздықтың төмендеуін көруге болады.
3 Әлеуметтік салаларды инвестициялау. Қазақстанда әлеуметтік қорғаудағы адамдарға көмек беру, кадр мәселелерінің шешілуі, білім берудің жоғарғы сапалығы және тағы басқалары. Қазақстан тұрғындарының тұрмысының жақсаруы, білім берудің Европалық стандартқа сай келуі, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы.

Похожие материалы