Қазақстандық жер қойнауын пайдаланушыларға 100 жер телімі ұсынылмақ. Бұл туралы ОКҚ бүгінгі брифингінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Оның келтірген деректеріне сүйенсек, қазақстандық компаниялар 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін жерге ие бола алады. «Елдің жаңа ресурстық базасын жасау аясында өткен жылдың желтоқсанында жеңілдетілген тәсіл, аукцион арқылы 30 жер телімі сатылған, ал 1 шілдеге дейін 100 телімді сатуды көздеп отырмыз», – деп түсіндірді министр. Сондай-ақ, Досаев Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында австралиялық тәсіл бойынша 10 типтік келісім-шарт жасалғанын жеткізді. Ұлттық экономика министрі хабарлаған тағы бір жаңалық табиғи монополиялар реестрін қалыптастыру ережелеріне қатысты. «2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап монополияға қарсы реттеу саласын реформалаудың бірінші кезеңі шеңберінде доминанттар реестрі 914 субъектіден 254-ке дейін қысқарған, ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл реестр мүлдем жойылатын болады», – деді министр. Сонымен қатар, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы 47%-ға қысқарады. Бұл «заңды тұлғалар қызмет түрлерінің тиісті тізімін жасау» арқылы мүмкін болмақ». «Бұл мемлекеттік үлес пакеті 50%-дан асатын, яғни бақылау менеджменті сақталатын ЖШС-лар мен АҚ-лар болмақ», – деп түйіндеді Досаев.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024