Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жер телімдері саудаласу арқылы сатылатын болады

Жер телімдері саудаласу арқылы сатылатын болады

Қазақстандық жер қойнауын пайдаланушыларға 100 жер телімі ұсынылмақ. Бұл туралы ОКҚ бүгінгі брифингінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Оның келтірген деректеріне сүйенсек, қазақстандық компаниялар 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін жерге ие бола алады. «Елдің жаңа ресурстық базасын жасау аясында өткен жылдың желтоқсанында жеңілдетілген тәсіл, аукцион арқылы 30 жер телімі сатылған, ал 1 шілдеге дейін 100 телімді сатуды көздеп отырмыз», – деп түсіндірді министр. Сондай-ақ, Досаев Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында австралиялық тәсіл бойынша 10 типтік келісім-шарт жасалғанын жеткізді. Ұлттық экономика министрі хабарлаған тағы бір жаңалық табиғи монополиялар реестрін қалыптастыру ережелеріне қатысты. «2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап монополияға қарсы реттеу саласын реформалаудың бірінші кезеңі шеңберінде доминанттар реестрі 914 субъектіден 254-ке дейін қысқарған, ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл реестр мүлдем жойылатын болады», – деді министр. Сонымен қатар, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы 47%-ға қысқарады. Бұл «заңды тұлғалар қызмет түрлерінің тиісті тізімін жасау» арқылы мүмкін болмақ». «Бұл мемлекеттік үлес пакеті 50%-дан асатын, яғни бақылау менеджменті сақталатын ЖШС-лар мен АҚ-лар болмақ», – деп түйіндеді Досаев.  

Похожие материалы