Осы жылдың басынан бері қазақстандықтарға 195 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады.
2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлемі үшін 43,7 млрд теңге, ынтымақтастықты зейнетақы төлемі үшін 151,3 млрд теңге бөлінген.
Дәл қазіргі уақытта еліміздегі 1 млн 952 мың адамға базалық зейнетақы, 1 млн 918 мың адамға ынтымақтастықты зейнетақы төленеді.
Базалық зейнетақының көлемі - 11 мың 182 теңге. Жалпы зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 50 мың 725 теңгені құрайды.
Осыған дейін, 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында республикалық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақы үшін 29,3 млрд теңге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы үшін 1,2 млрд теңге бөлінді деп хабарланған еді.