Нұр-Сұлтан. 22 тамыз. 7kun.kz – 7 айда ел бойнша 4,2 мың есірткі қылмысы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға аз, деп хабарлайды 7kun.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткіге қатыств 1,1 мың заңсыздық анықталған. Сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар және тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактілері бойынша 193 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 7,8%-ға көп.
Өңірлер арасында есірткі қылмысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы алдыңғы орында тұр. Онда 7 ай ішінде 444 факті анықталған. Екінші және үшінші орынға Алматы қаласы мен (382 қылмыс) Жамбыл облысы (352 қылмыс) орналасқан.
Есірткі қылмысына баратын азаматтардың көбі – жұмыссыздар. Биыл мұндай санаттағы 2 мыңға жуық адам анықталған. Ал есірткі тұтынған, дайындаған немесе оны сатқандар арасында 206 адамның жұмысы бар болса, 17-сі оқу орындарында білім алады, 12-сі жеке кәсіпкер және төртеуі мемлекеттік қызметші болған.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен үш студент ұсталған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024