Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан бері есірткі сатқан 17 студент ұсталды

Жыл басынан бері есірткі сатқан 17 студент ұсталды

Нұр-Сұлтан. 22 тамыз. 7kun.kz – 7 айда ел бойнша 4,2 мың есірткі қылмысы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға аз, деп хабарлайды 7kun.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткіге қатыств 1,1 мың заңсыздық анықталған. Сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар және тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактілері бойынша 193 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 7,8%-ға көп.

Өңірлер арасында есірткі қылмысы бойынша  Нұр-Сұлтан қаласы алдыңғы орында тұр. Онда 7 ай ішінде 444 факті анықталған. Екінші және үшінші орынға Алматы қаласы мен (382 қылмыс) Жамбыл облысы (352 қылмыс) орналасқан.

Есірткі қылмысына баратын азаматтардың көбі – жұмыссыздар. Биыл мұндай санаттағы 2 мыңға жуық адам анықталған. Ал есірткі тұтынған, дайындаған немесе оны сатқандар арасында 206 адамның жұмысы бар болса, 17-сі оқу орындарында білім алады, 12-сі жеке кәсіпкер және төртеуі мемлекеттік қызметші болған.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен үш студент ұсталған еді.

Похожие материалы