Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан бері Қытайдан қанша тауар сатып алынды?

Жыл басынан бері Қытайдан қанша тауар сатып алынды?

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың бірінші тоқсанында 1,6 млрд долларды құрады. Мемлекеттік кіріс комитетінен хабарлағандай 2016 жылдың бірінші тоқсанында Қытайдан келетін тауарлар импортының көлемі 728,4 долларға тең.

Қазақстан көрші елден 68,8 млн долларға телефон, 33,1 млн долларға өнеркәсіптік құрылғы, 32 млн долларға құбыр сатып алған. Сондай-ақ, радиоқұрылғылар (23,6 млн доллар), рентгендік құрылғылар (28,9 млн доллар) және кран (26,3 млн доллар) жеткізілген.
Ал Қытайға баратын экспорт 922,9 млн долларға тең. Қазақстан көрші елге мұнай (246 млн доллар), радиоэклективті элементтер (102,8 млн доллар), мыс (213,8 млн доллар), газ (21,2 млн доллар), бидай (19,1 млн доллар) және ферроқорытпа (145,2 млн доллар) сатқан. Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметінше, екі елдің тауар айналымы 2015 жылы 10,5 млрд долларды құрады. Қазақстанған келетін импорт 5 млрд долларға, экспорт 5,5 млрд долларға жетті.
13180942_256071671447357_581181494_n

Похожие материалы