Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Әзірбайжанның қаржы нарығы да бірігу мен жабылуды бастан өткізуде. Биыл елдегі банктердің тең жартысы банкрот болуы мүмкін. gapp.az сайтының жазуынша бірқатар банктер шетелдік және ішкі салымдар бойынша төлем жасауды тоқтатқан.
2016 жылдың соңында 15 банк қаржы есебін жарияламаған. Әзірбайжандық «Акрам Гасанов и партнеры» заңгерлік компаниясының иесі Акрам Гасановтың айтуынша «бұл екеуі банкрот болудың белгісі» дейді сарапшы.
Бұған сүйенген ол биыл бірнеше банк жабылады деп болжап отыр. Егер бұлар банкрот болса елдегі 32 банктің 16 ғана қалады. Былтырғы жылы 11 қаржы институты жабылған болатын. Әзірбайжанның Қаржы саласын қадағалау палатасы сондай-ақ кредиттік одақтарды да жабуды қолға алды.
2015-2016 жылдары қаржы есебінен қате жіберген 12 одақ жабылған. 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Әзірбайжанда 109 Кредиттік одақ жұмыс істейді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024