Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әзірбайжанның банктері де жабылып жатыр

Әзірбайжанның банктері де жабылып жатыр

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Әзірбайжанның қаржы нарығы да бірігу мен жабылуды бастан өткізуде. Биыл елдегі банктердің тең жартысы банкрот болуы мүмкін. gapp.az сайтының жазуынша бірқатар банктер шетелдік және ішкі салымдар бойынша төлем жасауды тоқтатқан.

2016 жылдың соңында 15 банк қаржы есебін жарияламаған. Әзірбайжандық «Акрам Гасанов и партнеры» заңгерлік компаниясының иесі Акрам Гасановтың айтуынша «бұл екеуі банкрот болудың белгісі» дейді сарапшы.

Бұған сүйенген ол биыл бірнеше банк жабылады деп болжап отыр. Егер бұлар банкрот болса елдегі 32 банктің 16 ғана қалады. Былтырғы жылы 11 қаржы институты жабылған болатын. Әзірбайжанның Қаржы саласын қадағалау палатасы сондай-ақ кредиттік одақтарды да жабуды қолға алды.

2015-2016 жылдары қаржы есебінен қате жіберген 12 одақ жабылған. 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Әзірбайжанда 109 Кредиттік одақ жұмыс істейді.

Похожие материалы