Алматы облысы. 10 тамыз. 7kun.kz – Ұзынағаш ауылындағы жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге сот санкциясымен іздеу жарияланды, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысы Полиция департаменті келесі тұлғаларға іздеу салады:
- Қозыбаев Ғани Мұратұлы - 31 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;
- Асқар Жәнібекұлы Тыныштықов - 30 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;
- Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов - 30 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;
- Нұрсұлтан Бахтиярұлы Аукенов - 30 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша.
Алматы облысының полициясы осы адамдар туралы ақпараты барларға мына телефондар бойынша хабарлауын сұрайды: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102.
Айта кетейік, Алматы облысының Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапқан еді. 4 тамызда Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қайтыс болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024