Нидерландта әлемдегі ең ұзын велосипед құрастырылды

Нидерландта  ұзындығы 35,79 метрді құрайтын ең ұзын велосипед жасап шығарылды. Оны құрастырушы Mijl Van Mares Werkploeg ұйымы Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды РБК.

Голландықтар велосипедті құрау үшін артқы және алдыңғы дөңгелектерін мотоциклден алған және оларды қатты алюминиймен біріктірген. Велосипедті құрастырушылардың сөзінше, оның сыртқы келбеті маңызды емес. Бастысы оның қуаттылығы Гиннесс рекордтар кітабына енуге мүмкіндік берді.

Скриншот: YouTube