Өңірлерді дамытуға қанша қаржы жұмсалады

өңірлерді
Фото: velisaafrica.co.za

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz  – 2019 жылы Қазақстанда өңірлерді дамытуға 323,7 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Оның ішінде республикалық бюджеттен 250,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 60,3 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ, кәсіпорындардан 13,2 млрд теңге тартылады.

Министрлікте атап өткендей, бағдарлама аясында трансферттер бірнеше бағыт бойынша бөлінеді:

— моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға – 8,7 млрд теңге;

— инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 404,5 млн теңге;

— Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Ақмола облысының шеттерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға – 30 млрд теңге;

— Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен елді мекендерін абаттандыруға – 6,8 млрд. теңге;

— «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жергілікті атқарушы органдарды бюджеттік несиелеуге – 14,8 млрд теңге;

— «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға – 30 млрд теңге;

— Түркістанда мемлекеттік мекемелер үшін қызметтік тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттар салуға – 16 млрд теңге;

— халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз етуге – 141,2 млрд теңге.

— әлеуметтік нысандарды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты электрмен қамтамасыз ету үшін – 115,7 млн теңге;

— сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіруге – 2,6 млрд теңге.

— басқа бағыттар.

Сонымен қатар министрлік бұл бағдарлама 2015 жылдан 2020 жылға дейін жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 2015-2018 жылдары жобаларды жүзеге асыруға 1,426 трлн теңге бөлінді.

Оның ішінде 2015 жылы – 433,5 млрд теңге, 2016 жылы – 494,2 млрд теңге, 2017 жылы – 254,8 млрд теңге, 2018 жылы – 244,4 млрд теңге.

Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 529,4 млрд теңге; Ұлттық қор есебінен – 588,4 млрд теңге; жергілікті бюджет есебінен – 230,5 млрд теңге; кәсіпорындар есебінен – 78,5 млрд теңге.

Нәтижесінде 1,413 трлн теңге немесе 99,1% игерілді.