Nissan-ның табысы шамамен 100%-ға төмендеді

85
Nissan
Фото: auto.yuga.ru

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz — Nissan Motor Co 2022 жылға қарай әлем бойынша 12 500 жұмыс орнын қысқартады.

Сонымен қатар, компания әлсіз сатылымдар мен шығындардың өсуі аясында, сондай-ақ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Карлос Гонға қатысты жанжалдың салдарына байланысты шығындарды шектеу үшін өндірісті төмендетеді.

Жапонияның көлемі бойынша екінші автоөндірушісі операциялық пайданың қаржы жылдың бірінші тоқсанындағы сәуір-маусымында 98,5%-ға, Солтүстік Америкада сақталып отырған қиындықтар аясында 1,6 млрд иенге (14,80 млн доллар) дейін төмендегені туралы есеп берді.

Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі операциялық пайда 109,14 миллиард иенді (1 миллиард доллардан астам) құрады, ал Refinitiv талдаушылары 39,52 миллиард иен болады деп болжаған.

Компания наурыз айында аяқталған жыл ішінде 230 млрд иен жылдық пайда болжамын растады (шамамен 2,13 млрд доллар) — өткен жылмен салыстырғанда 28%- ға төмен. Бұл Nissan-ның он жылдан астам уақыт ішіндегі ең төменгі көрсеткіші.