«Нұр-Сұлтан» кемесі суға түсірілді

кемесі
Фото: mdai.gov.kz

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ қарасты  «Зенит» зауытында» құрастырылған «Нұр-Сұлтан» кемесі салтанатты түрде суға жіберілді, — деп хабарлайды ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Кеме  еліміздің мемлекеттік шекарасының аумақтық суларын және құрлықтық қайраңын күзету, заңсыз кемелердің жүруін, контрабандалық операцияларды, қарақшылық және заңсыз балық аулауды тойтару мақсатында торуылдау, өз бетінше және басқа да кемелер, катерлер және авиациямен бірге заң бұзушы кемелерді ұстау және тексеріп қарау сияқты мақсаттарға арналған.

Ұзындығы 42 метр болатын су көлігі 5 балдық теңіз дауылына төтеп бере алады. Салмағы – 240 тонна. Су тұщытатын қондырғының көмегімен теңіз бетінде 5 тәулік бойы жүзе алады. Су асты диверсанттарымен күреске арналған арнайы жабдықпен қамтылған.  Қауіп төнген жағдайда жау нысанына 5 шақырым жерден соққы беріп, жойып жібереді.