Нұрдәулет Айдосов Jusan Bank жаңа басшысы болып тағайындалды

Нұрдәулет Айдосов Jusan Bank-тің жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бүгін «First Heartland Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесі басқарманың жаңа төрағасын тағайындау туралы шешім қабылдады. Нұрдәулет Айдосов Jusan банкінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін банкті 2019 жылдан бері Айбек Қайып басқарған болатын.

Нұрдәулет Айдосов 1987 жылы дүниеге келген. Қаржы және құқық саласында үш жоғары білімі бар, оның ішінде Warwick Business School (Ұлыбритания) МВА дәрежесі бар. Ол өзінің кәсіби қызметін HSBC Bank Kazakhstan-да бастаған және қазақстандық және халықаралық қаржы институттарында 14 жылдан астам тәжірибесі бар.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Jusan Invest» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып, оны Jusan Bank-тегі Private Banking блогының басқарушы директоры лауазымымен біріктірген болатын.