Құны 5,4 триллион доллар болатын астероид Жерге жақындап келеді

Бүгін Жерге ерекше астероид жақындайды. Оның құрамындағы пайдалы қазба байлықтары 5,4 триллион АҚШ долларына бағаланып отыр деп хабарлайды RT.

Ғалымдардың айтуынша, бұл ғарыш денесі ядросының салмағы шамамен 100 миллион тоннаны құрайды және ол толықтай платинадан тұрады. Астероидтың кодтық атауы 2011 UW-158. Ол Жерге 19 шілде күні 2,4 миллион шақырымдай жақындайды. Бұл ғарыш ауқымында онша көп емес.

Астероидтың алғашқы суретін Arecibo обсерваториясы жариялады. Оның көлемі 600/300 метрді құрайды және UW-158 жылдам айналады.

Сондай-ақ, кейбір мәліметтерге сүйенсек, обсерватория мамандары астероидтың жерге жақындауын ғаламтор арқылы онлайн режимде көрсетпек.