Қарқынды дамыған бизнестің де құлдырап, жабылып қана қоймай иесінің өмірін күйретіп кететін кезі аз емес. Сондай оқиға қазіргі кезде «Нью-Йорк таксиінің патшасы» атанған Евгений «Джин» Фридманның өмірінде өтіп жатыр. Бизнес тек табыстан тұрмайтынын ескерткен осы оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз.

Евгений «Джин» Фридманның әкесі 1976 жылы БАШ-ға 1976 жылы қоныс аударған кеңестік ядро саласының инженері еді. Джин бұл кезде 5 жаста болатын. Біріккен Америка Штаттарына қоныс аударғанан кейін Джиннің әкесі көптеген эмигранттар сияқты таксидің рөліне отырады. Кейін адам тасымалдаумен айналысатын компаниясын құрып, оны ұлына мұраға қалдырады. Кіші Фридман әкесінің бизнесін қолға алған кезде таксопаркте 60 көлік бар еді. Кейін оның көлігі де, табысы да еселенеді. 1996 жылы табысы $2.5 млн  болса, 2012 жылы $120 млн жетеді. Hypnotic Taxi LLC, Milkyway Cab Corp., Bourbon Taxi LLC сияқты аты ерекше компаниялардың қожайыны Нью-Йорктегі таксидің негізгі қожайыны саналатын. Аукицион арқылы сатылатын, сатып алатын такси медальондарының көпшілігі де кіші Фридманның компанияларына тиеселі еді. 2015 жылдың басында оның қолындағы медальондардың саны 1 100-ден асып, таксопаркінің құны $1.5 млрд. деп бағаланды. Алайда Фридманның қасіретіне қарай дәл осы жылы  Uber және басқа да сервистердің пайда болуы оның таксопарктерінің құнын бірден түсіріп жіберді. Мысалы қазір таксопарк медальонының құны 2015 жылғы құнның 10/1 бөлігіндегідей ғана. Нәтижесінде 2015 жылдың шілде айында Фридман Citibank-ке төлеуі тиіс $34 млн қарызын қайтара алмай, дефолтқа ұшырап, 22 компаниясын түгел банкрот деп жариялауға мәжбүр болады. Салық алдындағы қарызы $8.4 млн жеткен ол, жүргізушілерге де миллиондаған доллар қарыз болады. Одан бөлек сот $250,000 айыппұл төлеуді міндеттейді.

2016 жылдың тамызында Фридманның Freedom Taxi бойынша серіктесі оны  $1.6 млн.жымқырды деп айыптап, сотқа береді. Кейінірек Фридманның компанияларының лицензиясы ұзартылмай қалады. Алайда бұған қарамастан оның қолында  150 такси медальоны қалады. 2017 жылдың жазында Фридман 2012-2015 жылдары әрбір тасымал құнына 50 цент қосқаны үшін Нью-Йорктің салық департаментіне міндетті $5 млн долларды төлемеді дегенжелеумен қамауға алынады. Енді Фридман 8-25 жыл аралығында сотталуы мүмкін.

Осылайша КСРО-дан эмигрант болып барып, әлемдегі ең ірі қаланың «такси патшасы» атанған Фридманның бизнесіне үтір қойылады. Үтір деп отырғанымыз, ірі бизнестің дәмін татқан адам ешқашан берілмейді. Мүмкін түрмеден шыққан соң таы да табысты болар. Айтпақшы Фридманды интернеттің құрбаны десе де болады. Оның табысты бизнесінің кері кетуіне ең бірінші себепші – қол астында бірде бір көлігі жоқ болса да такси қызметін ұсынатын ұялы қосымшалар.