ОҚО-да кооперативтер үшін қайтарымсыз ақша берілмек

ақша
Фото: prostoinvesticii.com

Шымкент. 5 мамыр. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе бастады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жүйенің артықшылығы — инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат болады. «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығының мамандары кооперативтерге ұсынылатын осы және өзге де жеңілдіктер туралы ақпарат беру үшін Шардара, Мақтаарал аудандарында семинар кеңес өткізді.

Шараның мақсаты — кооперативтерді несиелендіру бойынша жасалынған бағдарламалардың мән-жайын түсіндіріп, қаржылай қолдау көрсету.

«Кооперативтер жабдықты лизингке алу арқылы жабдықтың ерекшелігіне қарай инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе алады», — деп атап өтті «ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары А. Сауранбаев.

«Мұның артықшылығы — инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады, — дейді ол.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік бөлімі, қаржы орталықтарының өкілдері кооператив құрудың артықшылықтары, кооперативтерді қаржыландыру туралы айтты. Одан бөлек, мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялардың көлемі мен коопертивтерді ашу механизмі жайында толық мәлімет берді.