АймақЖаңалықтарТаңдаулы1Түркістан облысы‎

ОҚО-да ShymkentBuild-2018 мамандандырылған көрмесі ашылды

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында «ShymkentBuild-2018» атты құрылыс және интерьер көрмесі басталды.

Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің 30-ға жуық кәсіпорынның құрылыс,  әрлеу материалдары мен жабдығы, лак-сыр өнімдері, құрылыс техникасы, ғимараттарды автоматтандыру құрылғылары мен жылыту, сумен қамту жыбдықтары қойылды.

Көрмені аралап танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларға алғысын білдіріп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Өңір басшысы жуырда ғана Елбасымыз  бес  әлеуметтік бастаманы нақтылап бергенін айтып, осыған  орай  2018 жылы ОҚО-да тұрғын үй салу қарқыны күшейе түсетіндігін жеткізді.  Бұл  ретте бүгінгі ұйымдастырылып отырған ShymkentBuild-2018 көрмесі  өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына маңызды үлес қосары сөзсіз. Облыс әкімі қазіргі уақытта аймақтың құрылыс индустриясы белсенді түрде дамып келетіндігін айтты.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында  алдағы бесжылдықта 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланады. Бүгінде өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 1 млн шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне беру үрдісі қалыптасты. Бұдан бөлек, Шымкент қаласын Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде дамыту мақсатында «ShymkentCity» жобасы жүзеге асырылады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Tags

Осы айдарда

Close