Оңтүстік Қазақстанда жаңа қала салынады

Фото:shymkent.gov.kz

Шымкент. 24 қаңтар. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысында «Шымкент-Сити» атты жаңа әкімшілік тұрғын үй салынып жатыр. Осы жылдан бастап жаңа ауданның орталық бөлігінде орталық саябақ құрылысы басталды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

«Шымкент-Сити» қаланың сотүстік бөлігінде орналасады, Бәйдібек би ескерткішіне жақын.  Аудан өзіндік жаңа инфрақұрылымымен ерекшеленеді, бизнес жүргізу үшін жайлы жағдай қарастырылған, қала құрылысы және сәулет жағынан ең жоғарғы стандарттарға сай. Жоба 2015 жылы ұсынылған.

«Бүгін барлығымыз үшін — болашақтың іргесін бастайтын тарихи сәт, Орталық Азияның ең ірі қалаларының бірі ретінде Шымкент қаласының дамуындағы жаңа кезеңді ашып отырмыз», — қала басшысы  Ғабидолла Әбдірахимов  «Шымкент-Сити» құрылысына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

«Шымкент-Сити жаңа аудан ғана емес біздің қала үшін жаңа өмір сүрудің стандарты деп саналады.  Бұл аймақты өзіңдік зерттеу орталығы десе де болады. Жаңа бизнес құруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретің орталық. Қаланың басты демалыс орталығы болады , — деп атап өтті әкім.

Сонымен қатар бұл жоба жеке инвестициялар есебінен болатының атап өткен жөн. «Шымкент-Сити» жобасы мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Жансая Совет «7»