Оңтүстік Қазақстанда 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

жұмыс
Фото: prostoinvesticii.com

Алматы. 14 шілде. 7kun.kzОңтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 30 мыңнан аса жұмыс орны ашылған. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнда 4 мың 127 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасқан.

 2017 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәліметке сәйкес, жаңадан ашылған жұмыс орындарының ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалар аясында — 1667 орын, «Нұрлы жер» — 1030 орын ,   «Индустриялды-инновациялық даму» -115 орын, «Бизнестің жол картасы 2020» — 396 орын, мемлекеттік салалық бағдарламалар арқылы — 18 мың 134 орын, «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы — 7 мың 627 орын, «2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламалар аясында — 1 мың 379 орын ашылған.

2017 жылдың жоспары бойынша өңірімізде мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 66 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылатыны жоспарланып, онда 5 жарым мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Қазақстанда жыл басынан бері жарты жылда 170206 жаңа жұмыс орны құрылса, оның 118240 орны тұрақты жұмыс орнына жатады. Ал ашылған жұмыс орындарының 78 мыңға жуығы ауылды жерлерде ашылған.