Қысқы Олимпиадада роботтар қызмет атқарады

Қысқы олимпиадада
Фото: digitaljournal.com

Алматы. 23 қазан. 7kun.kz —  2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы Олимпиадада жаңа роботтар қызмет атқарады деп хабарлайды Yonhap ақпараттық агенттігі.

Роботтар олимпиадаға келген қонақтар мен қатысушыларға қызмет көрсетеді. Олардың негізгі қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болады.

Сонымен қатар, 9 тілді аудармашы роботтар туристерге жол көрсетуші мамандар мен еріктілердің қызметін атқарады. Аудармашы роботтар адамға ұқсап қана қоймай, бет әлпетін де өзгерте алады.

Олимпиада алаңында әр түрлі қызмет атқаратын роботтарды көптеп шығару жоспарға қойылған. Олардың ішінде роботтар ғана жұмыс істейтін кафе ашу, робот таксилер және гимнастикадан ұпайды есептеп отыратын робот қазыларды жасау бар.