Шымкент. 24 шілде. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының төрағасы 7 млн теңге пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады.
«2017 жылдың 23 шілдесінде ОҚО тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай мен комиссияның бас аудиторы Б.Құдияров тексерудің оң актісін жасап бергені үшін 7 млн теңге пара алған. Олардың қылмысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаментінің өкілдері анықтады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, С.Шалабай ұсталып, Шымкент қалалық ІІБ уақытша қамауға қамалған. Ал кінәсін толығымен мойындап, қылмысты ашуға көмектескені үшін Б.Құдияров қамауға алынған жоқ.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
https://youtu.be/GbQeSA6ZAKIПохожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024