Olzha Storage Қостанайдағы астық қоймасын пайдалануға беру мерзімін ұлғайтты

729
Olzha Storage Қостанайдағы астық қоймасын пайдалануға беру мерз

«Olzha Storage» ЖШС астық қоймасын пайдалануға беру мерзімін 2015 жылдың І жартыжылдығына дейін ұлғайтты. Бұл туралы компания өкілі хабарлады.

Жобаны іске қосу мерзімі қаражат жетіспеушілігі себебімен ауыстырылды.

«Біз қосымша қаржыландыруға өтініш беріп жатырмыз. «ҚазАгроҚаржы» қолдау көрсетеді деп сенеміз. Егер мәмілеге келсек, жобаны ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосамыз», — дер мәлімдеді сұхбат беруші.

Алғашқыда жоба құны 1,679 млрд теңгеге бағаланған болатын. Бүгінгі таңда инвестициялардың соммасы 80 млн теңгеге артты.

«Қазір жабдықтың бәрі жеткізілді. Зертхана ғимараты мен монтажды аяқтауға ақша жетпей жатыр», — деп түсінік берді компания өкілі.

Астық қоймасы Таран ауданындағы Тобыл ауылында салынып жатыр. Қойманың сыйымдылығы — 60 мың тонна.

«Olzha Storage» ЖШС — «АРК Olzha Holding» құрамындағы Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторындағы өңдеуші және өндіруші компаниялар кешені. Компаниялар Қостанай, Петропавл және Ақмола облыстарында орналасқан. Қызметінің негізгі бағыты — астық өндіру және сату.