7 дерекNewsАймақАлматыЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы

“Оңай” картасымен қолжетімді 7 қызмет түрі

Алматы тұрғындары үшін "Оңай" бірыңғай жолаушылар картасы жақсы таныс. Картаның негізгі қызметі - қоғамдық көлікте жолақысын төлеу.

Бұл ғана емес, картаның көмегімен басқа да қызмет түрлерін алуға болады. Тіпті, “Оңай” картасымен төлем жасағаныңыз үшін жеңілдікке ие боласыз. Сонымен, “Оңай” картасымен қандай қызмет түрлерін алуға болады? 7kun.kz шолу жасады.

Дәріхана

Фото: novoetv.kz

“Oңай Pay” ЖШС “Оңай” картасы мен мобильді қосымшасының қолданылу мүмкіндіктерін арттыру мақсатында 103apteka.kz ресурсы арқылы дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу қызметін іске қосты. 103apteka.kz-те 27 мыңнан астам дәрі-дәрмек пен тауарлар бар. Әлеуметтік көлік карталары мен ҰОС ардагерлеріне 5% жеңілдік қарастырылған.

Қызмет түрін қолдану үшін 103apteka.kz сервисінде төлем жасау кезінде төлем құралы ретінде “Оңай” картасын таңдап, нұсқаулық бойынша өту қажет. Алдын ала “Оңай” мобильді қосымшасында онлайн-төлем жасау үшін арнайы код қою қажет.

“Оңай” картасының теңгерімінде қажетті сома бар болған жағдайда төлем жүйеде тіркеледі, карта теңгерімінен қажетті сома шешіледі, расталған жауап 103apteka.kz төлем сайтына келеді. Электронды түрде төлем жасалғаны туралы ақпарат карта қолданушысының Жеке кабинетіне жіберіледі.

Көлік жуу

Көлік жуу
Фото: alterainvest.ru

“Оңай” төлемдерін қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін дамыту стратегиясы және картаның функционалдық қызметін кеңейту шеңберінде автокөлік жүргізушілері назардан тыс қалмады. Көлік жуу – автокөлік қолданушылары арасындағы ең көп сұранысқа ие қызмет. 2018 жылдың наурыз айында Алматыдағы “Aqua service” сервис желісі автокөлік иелеріне жаңа жүйені таныстырды. Келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан “Aqua service” желісінде көрсетілетін кешенді қызмет түрін “Оңай” картасының көмегімен төлеуге болады.

Гоголь көшесі 223;
Диваева көшесі 2А;
Жандосов көшесі 87;
Кармысов көшесі 86;
Коммунальная көшесі 12;
Манас көшесі 1Б;
Сүйінбай көшесі 2;
Төле би көшесі 279Д.

Көрсетілген барлық мекенжайлардағы автокөлік жуу орындарында “Оңай” картасы арқылы төлем қабылдайтын құрал орнатылған.

Стоматология

Тіс емдеу стоматология
Фото: easygo.kz

Оңай Рау компаниясы “Классик-А” стоматологиялық клиникасымен келісімге отырған. “Оңай” картасының тұтынушылары төлем жасаған жағдайда 20% жеңілдік ала алады.

20%-дық жеңілдіктен бөлек “Оңай” картасымен төлем жасағанда емделу барысында лазерлерді және дәстүрі импланттар немесе алынбалы протездерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда операциясыз имплантациялау түрін қолдану, сондай-ақ CAD\CAM технологиясы бойынша алынбайтын тіс конструкцияларын жасау мүмкіндіктерін ұсынылады.

Көктөбе

Көктөбе
Фото: koktobe.com

“Көктөбе” жоғарыдан қарау алаңы – Алматының көрінісін биіктен қарауға мүмкіндік беретін орын. “Көктөбе”-дегі канатты жолдар мен автобусқа жасалатын төлемді  “Оңай” картасымен төлеуге болады. Карта арқылы төлем жасасаңыз, билетті 10 пайыз жеңілдікпен сатып аласыз.

Kassir.kz

Kassir.kz
Фото: Kassir.kz

“Oңай Pay” ЖШС “Оңай” картасының және мобильді қосымшасының қолданылу мүмкіндіктерін кеңейту үшін  Алматы қаласында өтетін барлық мәдени, ойын-сауықтық іс-шараларға билеттерді онлайн түрде  алу мүмкіндігін жасады. Енді карта қолданушылары Kassir.kz  сервисі арқылы түрлі билеттерді онлайн сатып ала алады.

Билеттерді Kassir.kz сайтындағы жеке кабинеттен басып шығару қажет және сайтта төлем әдісін таңдау кезінде “Оңай” картасын белгілеу керек. Ол үшін “Оңай” мобильді қосымшасында онлайн төлемдерге арналған арнайы кодты (3D Secure кодына ұқсас) алдын ала орнатып алу қажет.

Hard Rock Cafe

Кафе
Фото: Afisha.kz

2017 жылдың қазан айынан бастап Hard Rock Cafe Almaty мейрамханасында “Оңай” картасымен төлем жасауға болады. Мейрамханада картамен төлем жасаушыларға жеңілдік бар. “Оңай” картасымен бизнес-ланч – 1 900 теңге орнына 1 700 тг, бургер + Pepsi – 3 900 теңге орнына 2 500 теңге төлейсіз. Мейрамхана Қарасай батыр көшесі 85 мекенжайында орналасқан.

Ipizza

Фото: 2gis.com

2017 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Ipizza отбасылық мейрамханасында “Оңай” картасымен төлеуге болады. Мұнда “Күн” пиццасын картаның көмегімен 50% жеңілдікпен сатып алуға болады. Мекенжайы Абай/Алтынсарин көшелерінің қиылысы.

Tags

Осы айдарда

Close