Онлайн-несие бойжеткеннің басына бәле болды 

414
несие
Фото: cadenaser00.epimg.net

Қоғам белсендісі Рахым Ошақбаев – өзінің фейсбук парақшасында  60 мың теңге онлайн несие алған бойжеткеннің мәселесін жазды.  

«Қарызды мерзімінде қайтармағандықтан бүгінде ол 1,2 млн теңгеге дейін өскен! Негізінде қарыз тұрақсыздық айыбы есебінен 1 млн теңгеден асып жығылған.  

Бұл қызды 90-жылдардағыдай есептегішке қойған, бірақ ол мында онлайн-финтех және «заңға сәйкес» жүзеге асырылған болып тұр», – дейді Ошақбаев.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2104368789590910&id=100000534280007

Оның айтуынша, қарыздың қарқынды өсуі жалғасып келеді. Ал Қаржылық теxнологиялар қауымдастығынының несие сомасын 250 пайызынан өзін шектеуі орын алмай отыр.

Қыздың  ақша жинап, төлеуге тырысқан сомасының бәрі тұрақсыздықты өтеуге, пайыз бен несиені ұзартқандағы комиссия үшін жұмсалған. Несие сомасы азаймай, қарыз өсіп келеді. Тұрақты кіріссіз қалған қыз қарызға батып қалды. Коллекторлық компанияның, нотариалды орындау қағаздарының, түрлі қоңыраулардың кесірінен қысымға ұшырап отыр. 

Рахым Ошақбаев Қазақстан Ұлттық банкінен қиын қаржылық жағдайда қалған адамдарды кредиторлардан қорғау үшін, «Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы Заң қабылдауды жедел түрде талап етті.  

Ошақбаевтың айтуынша, мұндай оқиғалар көп. Онда адамдарды сүлікше сорып, қарыз құлдығынан босатпайтын көптеген астыртын нюанстар бар көрінеді. Әлеуметтік желіде осылай шу көтерілген соң, бір күннен кейін бойжеткеннің электронды поштасына қарыздың мөлшерін 90 мың теңгеге дейін азайтуға және бір жылға өтеу мерзімін төлеуді ұсынды айына 7500 теңге. Шағымдар алынып тасталады. 

Қыз өте бақытты. Мен де.