Орталық Азияда цифрлық төлемдер нарығы қалай дамуда?

755

Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Орталық Азияда қолма-қол емес төлемдер көлемі артып келеді. 2018 жылы транзакциялар саны 38%-ға артқан. Ал Қазақстан ОА елдері арасында көшбасшы. Бұл туралы Алматыда өткен 
Орталық Азиядағы Visa Cashless Summit шарасында айтылды. 

«Visa деректері бойынша 2018 қаржы жылында Орталық Азияда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің өсуі 19%-ды құрады, қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны 38%-ға артты. Бұл ретте қолма-қол ақшасыз айналымдардағы онлайн-сатып алулар үлесі операциялар сомасының 26%-ға жуығын және транзакциялар санының 23%-ын құрайды», — дейді жиынға қатысқан ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға Вице-президенті және аймақтық бөлімшесінің директоры Вера Платонова.

Ал Орталық Азия елдеріндегі Visa бас менеджері Ғалым Табылдиевтің айтуынша қолма-қол емес төлемді Қазақстанда көбірек қолдана бастаған.

«Орталық Азия елдерін цифрландыру үшін инновациялық шешімдер өте маңызды. Visa деректеріне сәйкес, өткен жылы байланыссыз кіріс 18,9%-дан 36,8%-ға дейін екі есе өсті. Мұндай өсім бірінші кезекте нарықта Apple Pay, Garmin Pay, банктердің эмитенттік әмияндары сияқты бірқатар инновациялық шешімдерді енгізуге байланысты. Бұл POS-терминалдардың 33%-дан астамы байланыссыз төлемдерді қолдайтын Қазақстанда жүзеге асты. Қазірдің өзінде Қазақстан токенизацияланған операциялар саны бойынша әлемнің TOP 30 еліне кіреді», — дейді ол.


Сарапшылардың айтуынша, жаппай цифрландыру және қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыту Үкіметке, бизнеске және тұтынушыларға тек оң әсер етеді. Өткен жылы бірқатар қазақстандық қаржы институттары смартфондар мен «ақылды» сағаттар көмегімен байланыссыз төлемдерді іске қосты. Бұл озық технология қазірдің өзінде әлемді жаулап алды. Juniper Research болжамдары бойынша 2020 жылға қарай әлемде есеп айырысу кезінде байланыссыз төлемдер көлемі 2 трлн долларға немесе сауда операцияларының жалпы сомасының 15%-на жетеді.

Visa School of Public Policy аға директоры Маджид Худжаирдің айтуынша соңғы 5 жыл қатарынан цифрлық төлемдер жылына 10% артып отыр, бұл 2021 жылға қарай әлемдік ІЖӨ-ге 1,5 триллион АҚШ долларын қосуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда электронды төлем құралдарын пайдаланудың өсуі ЖІӨ-ге 6,17 млрд АҚШ долларын қоса алады.

Жиында айтылғандай Қазақстан экономиканы «қолма-қол ақшасыз» белсенді түрде дамытатын елдердің қатарында. Елде қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі өсуде, ол өткен жылдың қорытындысы бойынша 2017 жылға қарағанда 2,1 есе өсіп, 5,5 трлн теңгені құрады. Әрине, бұл үрдіс әлі де жеделдетіледі. Өйткені Президент тапсырмасымен Үкімет қолма-қол ақшасыз ақша айналымын ұлғайту үшін ауқымды мақсаттар қойып отыр.«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бес бағытының бірі осы бағытты қамтиды. 2022 жылға дейін бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электронды коммерция үлесі 1,1%-дан 2,6%-ға дейін, ал қолма-қол ақшасыз төлемдер 10%-дан 35%-ға дейін өседі. Бірақ, қолма-қол ақшасыз төлем қаражатын пайдалану кезінде саудагерлер мен тұтынушылар тап болатын кедергілер бар.

KPMG Аға менеджері Константин Аушевтің айтуынша бұл кедергілер технологияға байланысты емес, тұтынушылардың әдеті мен нарық қатысушыларының заңнамалық мүдделерімен байланысты. Алайда бұл жойылатын кедергілер, өйткені төлемдерді цифрландыру аса маңызды.

«KPMG зерттеулеріне сәйкес, финтех-стартаптарға инвестициялар төлемдер сегментінде өсуде: HfS Ventures-пен бірлескен KPMG Fintech100 есебіне кірген 100 ең перспективалы финтех-шешімдердің 34-і төлем саласында жұмыс істейді. ҚР Ұлттық банкімен төлем нарығының стратегиясы бойынша жұмыс істеген кезде біз халықтың да, кәсіпкерлердің де қолма-қол ақшасыз экономикаға көшуі сөзсіз екенін түсіндік»,-дейді ол.

Алайда сарапшылардың айтуынша, электрондық коммерция жаһандық өзгерістерге ұшырап, төлем жасауда клиенттердің әдеттері өзгереді. Мәселен Visa Global Commerce Unbound зерттеулеріне сәйкес қазір тұтынушылардың 14%-ы Amazon Alexa немесе Google Home-ды төлемдер жасау үшін пайдаланады. Сонымен қатар, бүгінгі тұтынушылар өзінің барлық іс-қимылдарында, әсіресе сатып алу кезінде жылдамдық мен жеделдікті күтеді. Сондықтан бұл көрсеткіш ұлғайып, жергілікті шешімдердің аясы жыл сайын тарылуы мүмкін.

Алайда оған қарамастан қолма-қол ақшасыз төлемдер саласында қазақстандық жаңа технологияларын Kaspi.kz, Halyk bank, Сбербанк, Smart Satu, iSoft, Wooppay және Senim сияқты компаниялар белсенді ұсына бастады. Және жаһандық компанияларға жұтыламыз деп ойлаймымыз», — дейді олардың өкілдері.

Айта кетейік, «Инновация өсу мен даму факторы ретінде» тақырыбымен өткен шараны  Алматыда Visa компаниясы «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Шараға экономика, қаржы, бизнес және финтех саласындағы 200-ден астам жетекші сарапшылар қатысты.

«Visa төлем нарығының әр түрлі сегменттеріндегі жаһандық көшбасшы болып табылады, сондықтан АХҚО мен Visa күш-жігерін біздің өңірде біріктіруі заңды. Біздің бірлескен күш-жігеріміз өңірде қаржылық экожүйені дамытуды қамтамасыз етеді және АХҚО Орталық Азиядағы негізгі ФинТех торапқа айналуына ықпал етеді. Visa-мен кең әріптестіктің арқасында біз өңірдегі финтех-компанияларға бизнесті бастауға және қарқынды дамытуға арналған бірегей шарттар мен мүмкіндіктерді ұсына аламыз. Бұл ірі қаржы ойыншыларына да, финтех-стартаптарға да қатысты» , — деп атап өтті АХҚО дамыту жөніндегі директоры Қайрат Қалиев.