«Оскар» сыйлығы— бүкіл әлем көз тігіп отырған кино саласындағы елеулі оқиға, әдемі голливудтық бал. Ал оны мінсіз ұйымдастыру нағыз кәсіпқойлардың жұмыс күшін талап етеді, жұмсалатын қаржы да аз емес. Назарларыңызға кино өндірісіндегі ең ірі оқиғаның қалай өтетіні туралы ақпаратты ұсынамыз.

Кейт Бланшетт
Кейт Бланшетт, «Оскар-2013»

Бюджет

Variety агенттігінің ақпаратынша, «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанатын өткізу үшін орташа есеппен 40 млн доллар жұмсалады. Бұл ақшаға әрбір жұлдыз өтетін қызыл кілемнен бастап (25 мың доллар), статуэткаларды дайындау (45 мың доллар), номинанттарға арналған түскі ас (260 мың доллар) кіреді. Сондай-ақ, жүргізушілер (15-25 мың доллар аралығы) мен продюссерлерге (100 мың доллардан аса) төленетін қаламақы да осы қаржының ішіне кіреді.

Оскар

Жыл сайын шоудың негізгі демеушілерінің құрамына супермаркет желілерінен бастап тіс пастасын шығаратын компаниялар, сақтандыру компаниялары, ірі банктер кіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарының есебінше, өте үлкен масштабта өтетін бұл салтанатты кештің ең белсенді демеушілері — Procter & Gamble, PepsiCo және Unilever.

Оскар
Оскар

Дайындық

Танымал жұлдыздар «Оскар» үшін бірнеше апта бұрын дайындалатын болса, оны ұйымдастырушылар одан да ерте бастайды. Тіпті биылғы шоу аяқталып жатса, олар келесі жылғы салтанатты өткізудің нұсқасын ойластыруды бастап кетеді.

Шараның ерекшелігі сол — конвертті және статуэтканы тапсыратындар арнайы дайындықтан өтеді. Олар «Оскар» статуэткасының қыштан жасалған көшірмесін және жеңімпаздардың аты жазылған (шынайы жеңімпаздардың аты емес, әрине) арнайы конверттерді тапсырып, жаттығады.

Айтпақшы, жеңімпаздың аты жазылған конверттер ұзақ уақыт бойы сұр қағаздан жасалып келген. Алайда 2011 жылдан бастап оның дизайны өзгерді. «Оскар» бейнеленген алтын түстес конвертті америкалық дизайнер Марк Фридланд қолдан жасайды. Ұйымдастырушылар ол үшін 10 мың доллар төлейді.

Марк
Марк Фридланд
Марк

Ақпарат құпиялығы

Жеңімпаздардың аты жөнін конвертке салып тапсыру дәстүрі 1940 жылы пайда болды. Себебі LA Times газеті шоу ережесін бұзып, жеңімпаздардың атын салтанатты кеш басталғанға дейін жариялап жіберген. Көптеген қонақтар осы кезде кімнің жеңімпаз екенін біліп алған. Содан бері жеңімпаздар туралы ақпарат алдын ала жарияланбайды, БАҚ-қа олардың тізімі алдын ала берілмей, құпия сақталады. Қазіргі кезде Оскар жеңімпаздарын және шоудың қалай ұйымдастырылғанын бірінші білетіндер тек Pricewaterhouse Coopers қызметкерлері.

Оскар
Оскар

Қызмет көрсету

Салтанатты кеш аяқталғанша даяшылар, аспаздар, күзетшілерді қоса алғанда 1000-ға жуық адам қызмет көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, салтанатты кештің тек қауіпсіздігі үшін 250 мың доллар жұмсалады екен. Ол үшін жеке күзет фирмасы жауап береді және олар дайындықты шоудың басталуына бірнеше ай қалғанда-ақ бастап кетеді.

Оскар
«Оскар» мерекесіндегі ең қызықты жұмыс бос орынды толтыруға келген адамдардікі деуге болады. Себебі шоуға жиналған жұлдыздардың барлығы кеш аяқталғанша залда болуы екіталай. Ал олар кетіп қалған жағдайда массовкаға келгендер солардың орнын толтырады әрі осы жұмысты толық атқарса әр сағаты үшін 100 доллардан алады.
Оскар

Қызық деректер

Шоудың ережесі бойынша жеңімпаздың сөзі 45 секундтан артық болмау керек. Егер сыйлыққа ие болған жұлдыз көп сөйлеп кетсе, онда жай ғана оркестр ойналып, сөз бөліне салады.

Соңғы 14 жылда «Оскар» сыйлығын тапсыру Лос-Анжелестің Dolby кинотеатрында өтеді, мұнда шамамен 3400 көрерменге арналған орын бар.

«Оскар» сыйлығын алғандар статуэтканың ауыр екен деп қалжыңдасып жатады және олардың айтқаны өтірік емес. Мүсіннің салмағы  3,8 килограмм, ұзындығы — 34 сантиметр және ол алтыннан емес, қоладан жасалған. Әрбір «Оскар» мүсінін дайындау үшін 500 доллар жұмсалады.

Люпита Нионго
Люпита Нионго